Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет327/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Облыстық  «Алатау  жұлдызы»  газетінің  редакциясы  мені  жұмысқа  бірден 

қабылдады. 

Газеттің аудандарға жүріп тұратын ісі болып, бара сала қызметке кірістім. 

 

XIII 

1947  жылы  июльдің  басында  мен  өзім  тұрған  облыс  орталығынан  поезбен 

Алматыға  сапар  шектім.  Университетке,  сырттан  оқитындардың  жазғы 

сессиясына қатысуға келе жаттым. 

Бір купеге балуан бітімді, ұзын қара мұртты қартаң қазақпен қатар жайғасқан 

едім.  Біз  отырғаннан  кейін  поезд  ілгері  қозғалып,  қайта  кейін  сырғып  артта 

қалды. Көршім терезеге үңіліп, мен кітапқа бас қойдым. Сөйтіп уақыт өткізуге 

кірістік. 

Жолда, Нар станциясынан, біздің купеге жүзі таныстау сияқты бір жігіт келіп 

кірді. Мен быржиып семіре бастаған бұл адамды қайдан көрдім деп ойланып 

отырғанда, ол мені тани кетті. 

– Өй, сен солдат емессің бе? – деді салған жерден. 

– Иә, бірақ қайдағы солдат? 

–  Қой,  қой,  бұлталақтама,  -  деді  бейтаныс  адам  бірден  сен  деп  сөйлеп, 

бейнебір  менімен  бірге  өсіп,  өмір  бойы  біте  қайнасып  келе  жатқандай-ақ.  - 

Сен  КазГУ-де  оқисың  ғой.  Өткен  күзде  көріп  едің  ғой,  7  ноябрьдің 

қарсаңында,  жатақхана  жанында.  -  Менің  жүрегім  зырқ  ете  түсті.  «Апырау, 

осы сол болмасын» дедім ішімнен оған абайлай қарап. – Ұмыттың ба? 

Сен мені театрға ертіп апарып, Меңтаймен жолықтырғаның қайда? 

Анық сол болды. 




333 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет