Әдеби KZ
– Иә, аман-есенсіз бе? – деп мен қолымды ұсындым. – Сіздің атыңыз,
ұмытпасам, Тұмажан Ошақбаев еді ғой.
– Иә, оны қойшы. Саған, жігітім, сол жолғы қызметің үшін көп рахмет. Сен
болмасаң мен ол жолы Меңтайды таба алмай кететін едім де, оның несі... –
деп танауын желбеңдетті сары шегір. – Өзің де білесің ғой қыздың
бойындағы ана несін... белгісін... Сол жолы сен кездеспесең, маған ол
қыздың сонысы бұйырмайтын еді. Нардан Алматыға босқа далақтап барып
қайтатын едім. Бірақ, жолым болды. – «Жолы болғыш келеді
мұндайлардың» деп ойладым мен ішімнен. - Өзім де «Әттең, қолыма түссе»
деп алақаныма түкіріп барып едім.
Түсті ақыры. Өй, құлындай шыңғырттым-ау өзін де... Ошақбаев опық
жемейді!
Мен не дерімді, не істерімді білмей қызарып, қысылғанымнан терлеп кеттім.
Ол мені әңгімемнің қызықтығына елтіп отыр деп ойлады-ау деймін,
дарақыланып жаңағы сөзін сол тұрпайы қалпында жаңадан жалғастырды.
– Ал үшінші күні қызың сүзектен тұрғандай боп, екі көзі шүңірейіп қалды.
Кешке қарай көшеден такси ұстап әкелдім де, ішіндегі бар нәрін сорып алып,
сыртындағы қабығын лақтырып жіберген лимондай етіп, қызды жатақхана
жанына жеткізіп тастадым. Ол, сең соққан балықтай теңселіп, салы суға кетіп,
есікке қарай жылжыды. Ал мен, бір рота немісті жалғыз өзім жайпағандай
көңілім өсіп, Нарға қарай тарттым да кеттім құйғытып.
Ошақбаев опық жемейді!
«Ошақбаев опық жемейді» деген мұның сөзінің мәтелі екен. Әр сөйлемінің
соңында осы бір дарақы, жаттанды сөзді екілене қайталауды ол өзінің
әдетіне айналдырып алыпты.
334
Достарыңызбен бөлісу: |