Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет324/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Меңтай  булығып,  қыстығып  сөйледі.  Әлденеге  ішқұса  болған  адамның 

қалпымен ішіндегі ешкімге жария етілмес жасырын деген сырын ақтарды. 

–  Ол  мені  ерік  алдыма  қоймай,жүргенімізде  Майрадан  бөліп  оңаша  үйге 

алып  кетті,  –  деді  Меңтай  орамалымен  көз  жасын  тағы  бір  сүртіп  алып.  – 

Майра анау жуас жігіттен құтылып кетіп, шарқ ұрып, мені іздепті. Бір қаланың 

ішінен бір адамды табу бір мая шөп ішінен жоғалған инені іздеумен пара-пар 

ғой, таба алмапты. Үш күннен кейін ана пәледен құтылып үйге келсем, менен 

айырылдым деп жылап-сықтап Майра жатыр екен. 

Келгенімді көріп, жаны қалмай қуанды ол байғұс. Келгенімді қайтейін, кеше 

ғана  қыз  боп  аттап  жүрген  табалдырығымнан  енді  басқа  боп  аттаған  соң. 

Жұрттың  бәрі  маған  Тұмажанның  не  істегенін  біліп  отырған  сияқты  болды. 

Маған бәрінен де сол батты. 

Бөлмедегі  қыздардың  бетіне қарай  алмадым.  Тұмажан  ойыма  түскенде  сол 

сұммен қалай бірге жаттым деп, өз денемнен, өзім жиіркендім. Тұмажанның 

дегеніне  көніп,  оны  ұнатпай  тұра  осалдық  жасағаныма  өкіндім.  Ішім  удай 

ашыды.  Оған  неге  көнгенімді,  жетегіне  неге  ергенімді  өзім  де  білмеймін, 

сенсеңіз.  Содан  соң  сізді  есіме  алып,  және  жылай  бердім  егіліп.  Осы  бір 

жылдың  ішінде  сізге  сондай  бауыр  басып  кеткенімді  сол  үш  күнде  бір-ақ 

білдім.  Сыртқа  сездірмесем  де,  маған  сіздің  адалдығыңыз,  әділдігіңіз,  ақ 

көңілділігіңіз  ұнайтын.  Жаныңыздың  жұмсақ,  жүрегіңіздің  мейірбандығын 

жаратушы  едім.  Көпшіл  көңіліңіз,  адамға  деген  қамқорлығыңыз  жанымды 

тебіренте  тербейтін.  Ата-  анадан,  сүйген  қыздан,  сүйікті  достан  айырылып 

қалған  күйініш  қасіретіңіз,  олар  жайында  адал  көңілмен  бәрімізге  айтып 

ақтаратын мұңды әңгімелеріңіз жүрегімді елжіретуші еді. 

Сіздің  маған  деген  оттай  ыстық  махаббатыңыз  ерітіп,  есімді  алатын.  Бірақ 

бұрын біреумен уәделесіп қойғаннан кейін сізге сырымды бермей, ұқпаған, 



330 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   320   321   322   323   324   325   326   327   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет