Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет332/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тәжірибесіз  қыздар  жігіт  неғұрлым  жылпылдай  берсе,  солғұрлым  соған 

қарай жығыла береді. Мен де сөйттім. Ошақбаев опық жемейді. 

Мен ернімді тістеп, басымды шайқадым. Тұмажан өзінің арсыз қылығына өзі 

мәз болып, поездың терезесіне бір қарап қойды да, әңгімесін жалғады. 

–  Соғыстан  келген  соң  қызды  Алматыға  іздеп  барып,  ағасының  сәлемін 

алдымен ауызша айттым. Сенбеді. Сонсоң қойнымдағы сары майдай сақтап 

жүрген блокнотты суырып алып, жаңағы сөздерді оқыттым. Дәптерімнің сол 

бетіне бір қызыл бояу да жағып қойған едім. «Мынау ағаңыздың жарасынан 

тамған  қаны»  дедім  қызға.  Осыдан  кейін  қыз  байғұс  оқ  тиген  жапалақтай 

боп, жалп ете түсті. - «Өзің жапалақ, зұлым,– дедім мен ішімнен. – Оқ тиген 

үйректей  деуге  тілін  келмей  ме  сен  сұмның.  Періштедей  Меңтайды 

жапалаққа теңеуін бұл жауыздың. Өзі құзғын болған соң өзгені жапалақ деп 

біледі  ғой  бұл  сұмырай!»  –  Жалп  еткені  емес  пе,  блокноттағы  ағасының 

қолын  танып,  оны  қайта-қайта  бетіне  басып,  ағыл-тегіл  жылады-ай  кеп. 

Ақыры  уәдесін  берді.  Бірақ  бойына  дарытпады,  «асықпаңыз»  деп  қарысып 

отырып  алды.  Әйтпесе  мен  оны  сол  жерде-ақ  жайлап  кететін  едім.  Ал 

асықпағанның  арты  жаңағыдай  болды.  Оқуды  тастап,  маған  ти,  ауылға 

кетейік деп бірнеше рет хат жаздым. Көнбей қойды. Көнбесең... дедім де,  - 

ол  былш  еткізіп  былапыт  сөздер  айтты,  -  мен  елде  үйі-күйі,  қора-жайы,  3-4 

сиыры  бар  шалқып  отырған  жесір,  жас,  бай  әйелге  үйлендім  де  алдым. 

Тышқақ  лағы  жоқ  студент  қыздың  қасында  бұл  дегенің  шылқып  жатқан 

байлық  емес  пе?  Өйткені  Ошақбаев  опық  жемейді.  –  Тұмажан  менің  бас 

изеп,  мақұлдауымды  күтті.  Мен  міз  бақпай  отырып  қалдым.  -  Үйленер 

алдында  ол  қызды  ең  болмаса  бір  жайлап  кетейін  деп,  қалтаға  ақшаны 

сықап,  қасыма  Ерғазыны  алып,  о  дегенше  апыл-құпыл  әйда  Алматыға 

тарттым да кеттім емес пе! Жаңа айттым ғой: онда, мына сенің көмегіңмен, 

ойлағанымды  орындап,  «екі  жылдан  соң  оқу  бітіресің,  содан  соң  біржола 




338 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет