Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет340/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осында екі күн бұрын Майраға ілесіп, Бүргендегі соның үйіне кетті-ау деймін 

тегі. 

Жаздай сонда болуға тиіс. Әлгі тас лақтырған сүмелегі соңынан қуып барып, 



шырқын бұзбаса тағы. Айтпақшы, сол сүмелек тағы біреуді ұрып, милицияға 

түсті деген ақыры. 

– Ол кім? 

–  Сен  білесің  оны,  Ербол.  Әлгі  Сейтқали  деген  сүмелек  бар  емес  пе  еді 

ақынмын деп кеудесін қағып жүретін. Бір газетке «Қызыл бұзау» деген өлеңі 

басылып, қыздар тегіс оны Қызыл бұзау деп атап кетіп еді ғой. Ол өзі барып 

тұрған  жағымпаз  болатын.  Әр  лекциядан  кейін  оқытушыны  тоқтатып  алып: 

«сіздің  бүгінгі  лекцияңыз  ғажап  болды,  ағай.  Тура  миға  құйып  бердіңіз.  Бұл 

лекцияға Әуеновтың лекциялары да астар бола алмайтын шығар» деуші еді 

ғой  беті  бүлк  етпестен.  Енді  есіңе  түсті  ме?  Міне,  сол,  Меңтайдың  басын 

жарғаннан кейін университеттен қуып жіберген оны. 

– Меңтайды неге ұрады ол? 

–  Менімен  жүрмейсің,  айтқаныма  көнбейсің  деп-ұрады  да.  «Мен  саған 

ғашықпын!» деп көкиді. Ал Меңтай оны иттің етінен жек көреді. Сол Қызыл 

бұзау  еліне  кетпей осында жүр  деген мөңіреп.  «Мен  Меңтайды  қайтсем  де 

аламын. Меңтайды алмасам – анам қатыным болсын!» дейтін көрінеді оттап. 

Айттым ғой мен жігіттерде ес жоқ деп. Өздерін сүймейтін қыздардың аяғына 

бас  ұрып,  жатып  алады.  Ал  өздерін  сүйетін  қыздарды  олардың  ешқайсысы 

көрмейді. – Зайкүл сықылықтап кеп күлді. – Мына өлең есіңде ме? – деді де 

ол тақпақтата жөнелді: 

Өртенуші ем көрген сайын, Сенің нұрлы жүзіңді. 

Сүюге де едім дайын Басып кеткен ізіңді. 




346 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет