Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет337/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

түскенін көргенде, үйге кіріп кеткен сұр жыланның сыртқа шыққанына көзім 

жеткендей, «уһ!» деп, орныма келіп отыра кеттім. 

Бұндай  сұмға  жұдырық  өте  ме?  Бұғанам  қатқан  білікті  журналист  болып, 

өмірдегі  осындай  сұмдардың  қылмыстарын  ашып,  өздерін  фельетонның 

өткір найзасымен аяусыз түйрер ме едім! – деп кіжіндім ішімнен. 

* * * 

Ол  күні  вагонда  түні  бойы  жаман  түстер  көріп,  ұйықтай  алмай  шықтым. 



Тұмажанмен төбелесіп, милиция қолына түскен екенмін деймін. Мені тергеп 

отырған  милиционер  біресе  Тұмажан  болып:  «Ошақбаев  опық  жемейді!» 

деп  сақ-сақ  күледі  келіп.  Содан  соң  ол  әлдеқайдан  Меңтайды  шашынан 

сүйреп  алып  келіп,  қол-аяғым  байланып  қалған  менің  көз  алдымда  іштен 

тепкілеп,  сабай  бастайды.  Жаны  қысылған  Меңтай  мені  көмекке  шақырып, 

құлындаған  дауысы  құраққа  шығып:  «Аға-  а-а-ай!»  деп  шыңғырып,  мені 

шақырады.  Мен  жан  терге  түсіп,  не  тұра  алмай,  не  қолымды  босата  алмай, 

қиналамын. 

Өстіп  қысылып  жатқанымда  мені  қасымдағы  көршім,  Алматыға  қазақша 

күреске қатысу үшін келе жатқан балуан қазақ түртіп, оятып жіберді. 

– Жаман түс көрдің білем, шырағым, - деді. Осыдан кейін ұйқы болған жоқ. 

Меңтай  байғұсты  аяп,  қазір  қандай  күйде  екен  деп  жаным  отқа  ұстаған 

майдай шыжғырылды. 

Оның  маған  ең  соңғы  айтқаны:  «Кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар»  деген 

мақал  бар  емес  пе?  Мен  енді  осы  кісімен  қарайдым,  осы  кісімен  ағаруым 

керек»  деген  сөз  еді.  Мен  онда  Меңтай  Тұмажанға  қосылады  деп  кәміл 

сенгемін.  Сенгендіктен  де,  басқа  ештеңеге  қарайламай,  облысқа  кеткенмін. 

Анда-санда  Жомартбектен  хат  алатынмын.  Бірақ  ол  бұл  жайды  білмейді. 

Арлы  қыз  жан  қиналысын  ешкімге  айтар  ма  сірә?  Айтпаған  ғой  деп 



343 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет