Әдеби KZ
– Сен бізден бекер кетіп қалдың. Рас, Меңтайға қолым жетпеді деп өкпелеп
кеттің. Бірақ, бізде басқа да қыздар бар емес пе еді?
– Өзіңе бұйырмайтын өзге қыздан не пайда, Зайкүл.
– Мен-ақ бұйыратын едім ғой. «Зайкүл, айналайын» деп бір күн жалынсаң
болып жатыр еді. Ал сен: «Меңтай! Меңтай!» дедің де жүрдің өзгені көзге
ілмей. Тегі жігіттерде ақыл жоқ осы. Өйткені олардың бәрі өз шамасына
қарамай, жақсы қызға қарай жүгіреді. Жақсы қыз жете ме, қарағым-ау,
бәріне бірдей. Сөйтіп, көп жігіттер біз сияқты өзіне лайықтыдан құр қалып,
артынан өкінеді.
Біз аялдамаға келіп, жатақханаға баратын екінші трамвайға отырдық.
– Жігіттер ауылда қыздарға үйленіп алып, артынан оқу оқып келемін деп
тастап кетіп жатыр ғой адастырып, – деді Зайкүл трамвайға мінгеннен кейін. -
Сен де сөйтпедің бе? – Орындықта отырған Зайкүлдің қасында түрегеп
тұрған мен басымды шайқадым. – Онда қазір Меңтайдың да басы бос. Ал ол
анау Тұмажан зәліммен жанасып қойды десең, мен бармын...
– Сен жанаспаған шығарсың, – дедім мен күліп.
– Құдай ақына. Сен өзің сенсеңші маған. Кешке паркке барасың ба?
– Жоқ, сенемін, – дедім мен тағы да күліп. - Саған сенбегенде, кімге
сенемін?!
Бұдан әрі сұрамауға шыдамым жетпеді.
– Меңтай қайда, Зайкүл? – дедім біраз бөгеліп барып.
– Меңтайды қайтесің? Ана сұм алдап кетті. Содан соң тағы бір жігіт соңына
түсіп жүріп, терезеден тас лақтырып, басын жарды көктемде. Биыл ауылыма
бармаймын деген.
345
Достарыңызбен бөлісу: |