Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет338/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ойлаймын  ішімнен.  Қаладан  Меңтайды  таба  алар  ма  екемін?  Әлде  ол 

каникулға еліне кетіп қалды ма? Тапсам, енді ол менің тілегімді қабылдар ма 

екен? Әлде тағы да басқа біреумен серт байласып қойды ма? 

Miнe осы ойлармен мен шілденің ыстығында екінші Алматы вокзалына келіп 

жеттім. 


Облыстан  шығарда  курстас  қыздар  қарсы  алар  деп  Жомартбек  атына 

телеграмма  берген  едім.  Поезд  тоқтағаннан  кейін  вагон  терезесіне 

қарағанымда маған келіп тұрған ешкім байқалмады. Бәрі де жазғы каникулге 

тарап  кеткен  болар  мен,  чемоданымды  алып  вагонның  аузына  келдім. 

Есіктен  шыға  бергенімде,  аяғы  аяғына  жұқпай  сумаңдап,  плащының  етегі 

түлеген  жыланның  үстінен  түскен  қабықтай  сусылдап,  вагонның  жанына 

Зайкүл жетіп келді. 

Сәлем!  -  деді  ол  ақ  қолғапты  қолын  жоғары  көтеріп,көшенің  қиылысында 

машиналарға жол сілтеп тұрған ақ қолғапты милиционердей қалшиып. 

– Сәлеметпісің, Зайкүл? Аман-есенбісің? 

– Есен-есен, Ербол, – деп ол қолын созып жақындай жүрді. - Қайда жоқ боп 

кеттің  сен,  сағындырдың  ғой  әбден.  Екеуміз  қол  алыстық.  Құшақтассақ  та 

болатын  еді.  Зайкүл  оған  тіпті  де  қарсы  еместей  екен.  Бірақ  мен  бірден 

чемоданымды көтеріп, жүруге ыңғайландым. 

 

–  Жомартбекке  телеграмма  берген  екенсің,  –  деді  Зайкүл  аяғы  көстеңдеп 



менімен қатар аяңдап. - Ол кеше аулына қайтып кетті. Басқа қыздар да кетіп 

қалған.  Жатақханада  қазан  түп  болып,  жалғыз  қалған  мен  ғана  болған  соң 

өзім қарсы алдым сені. Сені бәріміз сондай сағындық, Ербол. 

– Рақмет, Зайкүл. 




344 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет