Әдеби KZ
Бір сен үшін суға батып, Отқа түсіп күюге,
Әзір едім, аңдып жатып, Аяғыңнан сүюге!..
Ал, мен, қымбаттым, «аңдып жатып, аяғымнан сүймей-ақ», жігіттер
саусағымнан сүйіп отырса да, разы болар едім, – деп Зайкүл көзін
құйқылжытып, басын қиқаңдатты.
Біз Никольск базарының қасына келіп, трамвайдан түстік.
– Меңтайдың басы қатты жарылды ма? Зақым келген жоқ па? - дедім мен
жатақханаға қарай бет ала беріп.
– Алла-ай, немене, жаның ашып бара ма? Ол бәрібір сенін қызың емес қой
қазір.
– Әңгіме онда емес қой, Зайкүл. Жолдастың жайын сұрап білуіме болмай ма
менің?
– Иә, жолдас деп жаның шығып бара жатқан шығар сенің. - Зайкүлдің мінезі
қызық болатын. Алдында қылжақтап тұрса да, соңынан түзу жауабын бере
салатын. Бұл жолы да сөйтті. - Қазір жарасы жазылып кетті. Шашының
арасында пышақтың қырындай ғана ақ дақ қалған. Бірақ, білінбейді онысы.
Сүйегі аман. Ал, түсті ме жүрегің орнына?
Зайкүл екеуміз жатақхана алдында қоштастық.
– Ал, кешке паркке келесің бе, Ербол?
– Рақмет, Зайкүл, – дедім мен. - Қарсы алғаныңа, айтқан әңгімелеріңе –
бәріне рақмет.
Бірақ мен бүгін ешқайда тырп ете алмайтын шығармын. Қазір университетке
баруым керек. Ертең – емтихан.
347
Достарыңызбен бөлісу: |