Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет349/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

сонша  жәбірлегенін  көргенде  оған  зығырданым  қайнады.  Өзімді-өзім  әрең 

ұстап, оған, қайтадан сәлем бердім. 

–  Ау,  сен  қайдан  жүрсің?  –  деді  ол  сәлемімді  алған  болып.  Мен  жөнімді 

айтып, тілшілік куәлігімді көрсеттім. 

– Е, тілші деген қалада отырмайтын ба еді, – деді ол енді мені мысқылдап. – 

Жұрт  қалаға  жете  алмай  жүрсе,  сенің  Алматыдан  облыс  келіп,  облыстан 

ауылға  шапқылап  жүргенің  қызық  екен.  «Сары  иттің  басын  сары  табаққа 

салса,  шоршып  түседі»  деген  осы-ay,  -  деп  ол  өзінен-өзі  рақаттанып, 

кеңкілдеп кеп күлді. «Сары ит – сенсің, – дегім келді оған. – Шашың да, қасың 

да,  шарық  табақтай  бетің  де  сары.  Сен  өңкиген  сары  аюсың!»  Бірақ,  әдеп 

сақтап, жасы үлкен кісімен тайталаспадым. Жөн жауап бердім. 

– Қала қайда қашар дейсіз, – дедім де қойдым. 

Бүркітбай тағы кеңкілдеді. 

– «Өзі жақсы кісіге – бір кісілік орын бар» деген қайда? Жалпақ жұрт сыйып 

жатқан  қалаға  сенің  бір  басыңның  сыймағаны  қиын  екен,  шырағым. 

Жарайды, жарайды, қалаға сыймасаң – дала кең. Өзің біл. 

«Бұл қақпас неге менен ауылды қызғанып тұр?» деп ойладым ішімнен. Оның 

себебін артынан білдім. 

– Ал, менде не шаруаң бар тілші болсаң?  - деді Бүркітбай  арт жағынан оны 

біреу ауыздықпен шаужайлап, отырғандай, екі езуін кезек қайшылап. 

– Бірінші шаруам сізге сәлем беру еді. Оны әрең орындадым. Берген сәлемді 

алмайтын  боп  кетіпсіз.  Екінші  айтарым  –  колхозшы  әйелмен  жаңағыдай 

сөйлесуіңіз дұрыс емес. Сіз ол кісіні өзімнің меншікті күңім деп ойлайсыз бa? 

Жоқ, олай емес. Ол кісі колхоздың қожаларының бірі. 

– Оны кім айтты саған? 




355 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет