Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет350/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Партия. 

– Маған ақыл үйрететін кімсің сен өзің? 

–  Облыстық  партия  комитетінің  тілі  –  «Алатау  жұлдызы»  газеті 

қызметкерімін. 

Бүркітбай  булығып,  үндей  алмай  қалды.  Мен  бұрылдым  да,  қоштаспастан 

шығып кеттім. 

Ертеңінде қалаға қайтпақ болып, Төкешті іздеп, төменгі ауылға қарай беттеп, 

мектептің қасынан өтіп бара жаттым. 

– Аға-а-а! – деп торғайдай шырылдаған бір бала дауысы шықты артымнан. 

Жалт қарасам, шашы жалбыраған бір кішкентай қыз соңымнан жүгіріп келеді 

екен. Мен тоқтап, тосып алдым. 

– Аға, сізді мұғалім тәтем, – деді кішкентай қыз ентігін баса алмай, – Сәлима 

тәтем шақырады. Өзі класта отыр. 

Осы кезде мектептен жамырай жүгіріп, басқа балалар шықты. 

Мен Сәлиманың осында мұғалім екенін білетінмін. Бірақ барып жолықпаған 

болатынмын. 

Өзі шақырған соң – барайын деп мектепке қарай бұрылдым. Колхоз кеңсесі 

мектептің дәл қасында еді. Оның сығырайған кішкене екі терезесі әлдекімді 

аңдығандай боп, мектеп жаққа жұтына, жылмия қарап, телміріп тұратын. 

Бұрынғы  у-шуы  көп  орталау  мектеп  соғыс  кезінде  жабылып,  бастауыш 

мектепке  айналған.  Оның  тұтас  бір  жақ  жартысын  колхоз  алып,  астық 

қоймасы етіп жібергенін естіген болатынмын. Өзімнің ең алғаш қанат қағып 

ұшқан ұям болғандықтан ба, әлде өмірлік жар болар деген үмітпен ең алғаш 

құшақтаған  қызым  Сәлима  ішінде  отырғандықтан  ба,  әйтеуір,  мектептің 



356 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет