Әдеби KZ
– Өзімді кінәлайтыным, – деді Сәлима ауыр бір күрсініп алып, – мен анау
Танадай тұрақты бола алмадым. Сым қоршаудың ішінде болса да ол қазір
сүйгенінің қасында жүр.
Шын ғашыққа одан артық мұрат бар ма?
– Тананың қайда екенін біледі екен ғой, – деді Майра.
– Біледі екен...
– Ойлап қарасам, менің саған жазған соңғы хатым аққудың ақырғы әніндей
бопты, Ербол, – деп Сәлима тағы бір күрсініп алды.
– Ол хат әлі күнге дейін сақтаулы, – дедім мен. Сәлима басын изеді.
– Онда мен шешен де, шебер де екенмін. Ақын болсам деген талап бар еді
ғой онда кеудеде. Соның бәрі мына сары шалдың, саңырау дүлейдің, –
Сәлима мектеп сыртындағы колхоз кеңсесі жақты нұсқады, - қалқасында
қалды. Тұяғы қанданып, тұмсығы майланып, қорбаңдап жас жемтіктің
кеудесін кеулеп жатқан кәрі қасқырдай күйге жеткен соң ақын емес, ақымақ
қылды ғой ол мені.
– Сен әлі де ақынсың, Сәлима, – дедім мен. – Мына сөздеріңнің өзі төгіліп
тұрған теңеу ғой.
– Ақындық қайда енді бізге, – деп күрсінді ол. - Бала-шағамен қалдық қой
біз. Ал сен нағыз журналист боп кетіпсің, Ербол. Жазғандарыңның бәрін
газеттерден үзбестен оқып жатамын.
– Нағыз журналист болуға әлі ерте ғой, - дедім мен басымды шайқап. Сәлима
да басын шайқады.
– Жоқ, жоқ, рас айтамын.
359
Достарыңызбен бөлісу: |