Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет361/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

сөйтіп оны баспасөзге деген сенімнен айырады, оған өштестіреді. Бұл жалпақ 

жұртқа жария болады. Ал тәнге жасалған операция теріс болса – адам өледі, 

ештеңені  білмейді,  ешкімге  айта  алмайды.  Өлген  адам  тіріге  қорқынышты 

емес. Екеуінің тағы бір айырмашылығы - дәрігер адамның бойынан кемшілік 

көрген сайын жаны ауырады, «бұл сорлы  мұндай кесірге қайдан тап болды 

екен?»  деп,  өз-өзінен  қиналады.  Мен  де  қинала  отырып,  командировкадан 

қайтқаннан кейін, «Алатау жұлдызына» «Ескі досқа хат» деген үлкен мақала 

жаздым. Мен сендерге соның ең соңын ғана оқып берейін, қыздар. 

Мен,  арт  жағымда,  аң  жастықтың  қасында  жатқан  қоңыр  папкаға  қол 

создым.  Онда  менің  «Алатау  жұлдызында»  жарияланған  барлық 

мақалаларымның қиындылары бар еді. 

Жомартбекке көрсетіп мақтанайын деп облыстан Алматыға әдейі ала келген 

едім. 


Жомартбек  жоқ  болғандықтан  келгеннен  бері  беті  ашылмай  жатқан  бұл 

папканы,  мүмкін,  Меңтай  мен  Майраға  көрсетермін  деп,  бағана,  осылай 

қарай шығарда қолтығыма қыса салғамын. Майра лып етіп, маған қол жалғап 

жіберді. Мен аталған мақаланың ең соңғы бағанасын оқи бастадым. 

«...Досым,  сен  маған  алғашында  дипломыңның  барлығын,  сауатты  екеніңді 

айттың. Сол кезде алдымда жатқан сенің арызыңның соңғы бетіне көзім түсті 

менің. Онда сен былай деп жазған екенсің. 

–  Рідаксиядан(!?)  сұрайтыным  (?)  менің  осы  хатмның  (?)  қата  (?)  Жер  (?) 

болса тузетіп 

(?)Жазіп (?) костын (?) қосып, ендеп (?) кәзит бетіне жазуды (?) сұраймын (?). 

Тақырыбы; 



367 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет