Әдеби KZ
– Әкеліңіз, ағай, мен оқиын. Сіз бағанадан бері әңгіме айта-айта шаршаған
боларсыз.
Мен газетті Майраға бердім. Ол, тамағын бір қырнап алып, мақаланың
басына көз жүгіртті.
– «Ербол Есенов, жас журналист», – деп Майра алдымен мақала
тақырыбының үстіңгі, оң жақ шекесіне бадырайта жазылған менің аты-
жөнімді айтып, сәл тыныс жасады да, содан соң судыратып, төмендегі
мақаланы оқи жөнелді.
"АЛТЫН ДІҢГЕК"
«Алатау жұлдызы» газетінің осы жылғы 12 майдағы санында «Осы ма еді, ей
қалқа, берген сертің?..» деген тақырыпта мақала жарияланды. Бұдан кейін
газет бетінде бірнеше дүркін оқырман сол мақалаға байланысты өз
пікірлерін ортаға салды.
Аталған мақалада да, оған байланысты көтерілген әңгімеде де адам
жанының ең сұлу, ең асыл сезімі, жас ғұмырдың жалынды әні – махаббат
мәселесі сөз болды. Махаббат деген не? Махаббаттың басты шарты қайсы?
Тек сұлулық үшін ғана сүюге бола ма? Алған жарыңның мүсіні көкейдегі
мұратына сай келмесе не істеу қажет? «Бір көргеннен ғашық болу» деген рас
па? Екі адам бірін-бірі көрместен ғашық бола ала ма? Махаббаттың жауы не?
Тұрақсыздық қайдан туады? Сезімді тұрақты етіп қалай тәрбиелеу керек? –
міне, осы жайлар едәуір талқыға түсті. Көп оқырманның бірі ретінде менің де
бір әңгімеге ат салысуыма тура келді.
Газеттегі мақалаларды оқып шыққаннан кейін менің ойыма сонау жайлауда
жатқан бір қарт шопан айтқан сөз түсті. Социалистік Еңбек Ері Ілияш
Қызырбаевпен әңгімелесіп отырғанымызда, бір реті кеп қалған тұста, мен
375
Достарыңызбен бөлісу: |