Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет368/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Мұхит  ағай  қандай әңгіме  айтты  деп  сізден  сұрағалы  бұрышта  тосып  тұрған 

едік. 

–  Иә,  иә,  сонда.  Енді  сол  ақшаны  Мұхит  ағаға  қалай  қайырып  берсем  деп 



жүрмін. 

– Қойыңыз, ол кісі ренжір, – деді Майра. 

–  Неге?  Егер  мен  студент  боп  қайтарып  берсем,  ол  кісі  ренжір  еді.  Ал  қазір 

мен журналистпін, жас интеллигентпін ғой. 

–  Жоқ,  тәбәрік  болады,  оны  қозғамаңыз,  -  деп  Майра  үзілді-кесілді  кесім 

айтты. 


– Ал енді не қалды айтылмаған онда, – деп қос қызға кезек қарадым. – Бүгін 

мен  сондай  мақтаншақ  боп  кеткен  сияқтымын.  Көңіліме  келгеннің  бәрін 

кідірмей ақтарып жатырмын. 

Ол сендерді сағынғандығымнан болар, қыздар. Кешірім етіңдер. 

– Жо-жоқ, бәрі де жақсы, ағай, – деді Майра бәйек болып. 

– Сіз келгенге жанымыз жасап қалды. Иә, айта беріңіз, тағы да айтыңыз. 

– Онда, мынау менің «Алатау жұлдызында» осында жүрерде жарияланған ең 

соңғы  мақалам  еді,  –  дедім  папкамды  қайтадан  ашып,  оның  ішінен  тұтас 

газет  нөмерін  суырып.  –  Махаббат  туралы.  Енді  соны  оқиық.  Тарихы 

мынадай. Бір жігіттің уәделескен қызы басқа біреуге тұрмысқа шығып кетеді. 

Соған  назаланып  жігіт  редакцияға:  «Осы  ма  еді,  ей  қалқа,  берген  сертің» 

деген  мақала  жолдады.  Мақала  газетке  басылып,  оған  көптеген  пікірлер 

келді. Сол хаттарды қорытындылау маған тапсырылған еді. Мен бірнеше күн 

ойланып, толғанып жүріп осы мақаланы жаздым. Майра, сен оқисың ба, мен 

оқиын ба?– дедім газеттің ішкі бетін ашып жатып. 



374 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет