Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет366/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Өйткені ол біздің атамыз. 

– Онда зиратты өзіңіз түзетейін деп жүр ме едіңіз? 

– Жоқ, менің оған халым жоқ, Әлімбайдай жас емеспін. 

– Жас болмасаңыз зираттың түзетілгеніне қуанбайсыз ба қайта? 

– Жоқ, қуанбаймын. 

– Неге? 

–  Ол  біздің  атамыздың  зираты.  Оны  түзетсек  біз  түзеуіміз  керек.  Түзете 

алмасақ, бөтен ешкімнің қолы тиюге тиіс емес!.. 

Міне  мұны  алжыған  шалдың  сандырағы  ғана  деп,  ешбір  мән  бермеуге  де 

болар  еді.  Бірақ,  дәл  осы  штрихта  жоғарыда  айтқан  кінәрәттің,  ескі 

психологиялық элементтері жатыр. Ол кінәрәт, ол дерт – арызқорлық, ауылға 

бөлінушілік.  Мен  халқымыз  осы  жаман  дерттен  арылса  екен  деп  арман 

етемін. Ең жоқ дегенде болашақ ұрпаққа осы дерт жұқпаса екен деймін. Құр 

арманмен іс бітпейді. Арманды жүзеге асыру үшін аянбай күресу керек. Жан- 

жақты күрес қажет. Мен журналист, сендер мұғалім болып, бәріміз бір үнмен 

осы тілектің ұранын жас ұрпақтың құлағына құюға тиістіміз! Мен осылай деп 

ойлаймын, қыздар. 

– И-иә, ағай-ай, жақсы айттыңыз-ау, - деді Майра менің сөзіме сүйсінгендей 

болып. 


Меңтай да, Майра екеумізді құптағандай, бас изеді де: 

–  Жалақорларға  жаза  қолданылса,  шен-лауазымына  қарамай  әшкерелеп, 

халық алдында қарабет етсе – тоқталар еді бұл пәле. 



372 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет