Әдеби KZ
тексеріп қарасам, колхозда шашау шыққан ештеңе жоқ. Бар мүлік орнында,
бар дүние қалпында.
– Ау, ақсақалдар-ау, бұларың не? – деймін күйініп.
– Мынау әнебір үлкен жиында сөз сөйлеп, менің атымды әдейі аузына алмай
кетті. Мен соған ыза болып едім, – дейді председатель.
– Бұл кісі ылғи ойын-тойда өзі төрге отырып алады. Басты да өзі ұстайды,
басқаны да өзі таратады. Маған үлкен едің деп үстел басын бір билетпейді.
Мен соған ерегесіп едім, – дейді орынбасар. Сөйтсем, орынбасар
председательден 2-3 жас үлкен екен.
Мінеки, ол екеуінің арыздасқандағы әңгімелерінің түрі осы.
– Екеуіңіз де үлкен адамсыздар, менің әкемдей кісісіздер, – деймін мен
оларға қынжылып.
– Екеуіңізге менің өнеге айтуым келіспейді де. Бірақ осыларыңыз ел-жұрт,
естір құлақтан ұят емес пе?!
– Қояйық, қояйық.
– Жаңылдық, жаңылдық, – дейді олар, мен, бейнебір, олкететіндей
апалақтап.
– Шаршадыңдар ма, қыздар?
– Жоқ-жоқ, айта беріңіз, ағай, – дейді Майра мен Меңтай жарыса үн қатып,
тағы да тыңдауға ынталанып.
– Тоқсандағы өлмелі шал жазған тағы бір арыздың қызық хикаясын айтайын
да, бұл әңгімені доғарайын біржола.
370
Достарыңызбен бөлісу: |