Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет367/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Екі қыз маған қарады. Мен де басымды изедім оларға. Содан соң үшеуміз де, 

әрқайсымыз  іштен  ойланғандай  боп,  біраз  үнсіз  отырдық.  Менің  есіме 

профессор Әуенов түсті. 

–  Мұхит  ағай  қалай,  қыздар?  –  деп  сұрадым  келгелі  ол  кісіні  көрмегенімді 

айтып. 


–  Жақсы,  –  деді  Майра.  –  Сізді  лекцияға  келген  сайын  сұрап  қояды. 

«Ерболдан хабар бар ма, Жомартбек?» дейді. «Ол облыстық газетте тілші боп 

ел кезіп жүр» деп жауап береді 

Жомартбек. Оған Мұхит аға риза боп қалады. «Бәле, жас жігіттің өмір көргені 

жақсы.  Ол  соғыстың  сұрапылын  белуардан  кешіп  келген  азамат.  Енді  ел 

өміріне  қансын.  Ербол  сияқты  жігіттерге  өмірдің  өзі  университет. 

Көрерсіңдер,  Ербол  үлкен  журналист  болады  әлі»  дейді  Мұхит  аға.  Біз, 

Меңтай  екеуміз,  асыл  ағаның  сізді  мақтай  айтқан  бұл  сөзіне  төбеміз  көкке 

жеткендей  боп  қуанып  қаламыз.  Рас,  қой,  Меңтай.  -  Меңтай  сабырмен  бас 

изеді. 


– Рахмет, – деп мен оларға анада, осы екеуін іздеп театрға барғанда, Мұхит 

ағай  маған  алдыңғы  қатардан  орын  ал  деп  ақша  бергенін,  бірақ  мен  ол 

ақшаға  билет  ала  алмағанымды,  кейін,  облысқа  кеткенде,  жол  қаражатына 

жұмсағанымды айттым. 

–  Соны  алмауым  керек  еді,  алғаным  ұят  болды-ау  деп  осы  күнге  дейін 

ойлаймын.  Бірақ,  үлкен  кісі  өзі  ұсынып  тұрғаннан  кейін  алмауды  тағы  ерсі 

көрдім. 

– Иә, оның несі бар? Тәбәрік қой, қайта жақсы болады, – деді Майра. 

– Ол күні Мұхит ағаның залда сізді қолтықтап, әңгіме шертіп жүргенін біз де 

көргенбіз. 




373 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет