Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет375/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

махаббаттың тереңдігін танытады. «Бір көргеннен ғашық болу» деген сөз де 

сол  «толқын»  іспеттес,  ол  тән  құмарлығынан  туған  жалт  етпе  сезім  ғана. 

Алғашқы  лап  еткен  сәтте  оның  күшті  боп  көрінуі  де  ықтимал.  Бірақ  бұған 

қарап  алданып  қалуға  болмайды.  Тән  құмарлығы  алдамшы,  өткінші, 

тұрақсыз  сезім.  Онда  шынайы  махаббатқа  лайық  тереңдік  жоқ.  «Бір 

көргеннен ғашық болдым» дегеннің өзі-ақ ол сезімнің таяздығын танытады, 

көре  сала  соны  құшуға  құмартқан  жүгенсіз  ұшқыр  тілекті  көрсетеді.  Теңізді 

бірінші рет көрген адам оның суының ащы немесе тұщы екенін, астында не 

барын бірден білмейді. Мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам 

ғана  айта  алады.  Сол  сияқты  бір  көргеннен  адамның  бойындағы  барлық 

адамгершілік қасиетін аңғаруға болмайды. Оны анықтамаған соң ғашық болу 

да  мүмкін  емес.  Ендеше  «Сізді  бір  көргеннен  ғашық  болдым»  деген  сөзге 

сенудің  орны  жоқ.  Олай  деп  оңай  «олжа»  тапқысы  келген  қу  жігіттер  мен 

шын сезімнен хабары жоқ жасөспірім бейкүнә қыздар ғана айтуы ықтимал. 

Сонымен, «бір көргеннен ғашық болу» деген ұшқары сөз. Бір көргеннен тек 

қана ұнатуға, қызығуға, құмартуға болады «Құмарту – ғашықтық емес. Адам 

жек  көре  тұрып  та  құмарта  береді»  (Ф.Достоевский).  Ал,  бірсыпыра  жастар 

бірін-бірі ұната сала: «Бітті, біз ғашықпыз!» деп есептейді. Сөйтіп, қолма-қол 

сүйісіп,  сүйкенісіп  жібереді.  Көзді  ашып-  жұмғанша,  ерлі-зайыпты  боп  та 

шыға  келеді.  Олар  мұның  шынайы  сезім  емес  екенін  артынан  аңғарады. 

Содан соң бір-бірімен айтысып, ажырасып әлек болады. Мұндай күйге душар 

болмас  үшін  жастар  тез  қауышуға  құмартпауы  керек.  Ұзақ  сөйлесіп, 

сыйласып, сырласып, әбден біліскеннен кейін шын сүйетініне, бірігіп жарасты 

өмір кешетіндеріне анық сеніскеннен соң ғана бір-біріне ләззат құшақтарын 

ашса  абзал.  Кіршіксіз  таза  махаббаттың  тәттілігі  де  сол  болмақ.  Қыздар  бос 

күйеу  тапқанына  емес,  дос  күйеу  тапқанына  қуануы  қажет.  Жігіттер  кино, 

театрға  бірге  баратын  жол  серік  қана  емес,  жан  серік  тапса  ғана  бақытты. 

Осылай  жұптасып,  зайыптылық  өмірдің  алтын  босағасы  -  достық  пен 



381 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет