Әдеби KZ
махаббаты ешқашан өшпек емес. Бұл арада атақты Абайдың: «Болмаса,
мінезінің жат кесегі, майысқан бейне гүлдей толықсыған, кем емес алтын
тақтан жар төсегі» деген сөздерін әрқашан да есте ұстay абзал. Сонда ғана
ерлі-зайыптылар арасындағы жарасты махаббат үйге нұр, ұяға көрік береді,
тұрмысқа ажар, көңілге ap орнатады.
Мен мақаламды шопан қарттың сөзімен бастаған едім. Сол сөзбен аяқтағым
келеді.
«Махаббат – әр үйдің алтын діңгегі» деген болатын Ілекең. Бұл өте орынды
айтылған даналық сөз. Өйткені діңгек болмаса үй төбесі ортасына шөгеді,
құлайды. Мен Ілекеңнің сөзін қайталап, әрбір жас семьяның алтын діңгегі
әрқашан да берік болсын деп тілеймін.
Әр үйдің ортасында нұр шаша жарқыраған алтын діңгектер болсын деймін».
– Түу, жүрегім, лүпілдеп кетті ғой, – деді Майра газетті маған қайырып беріп
жатып. – Ағай, өзіңіз мүлде өзгеріп, есейіп кеткен сияқтысыз.
– Ел көріп, өмірмен араласқан соң солай болады да, – деді Меңтай, – адам
ысылмай ма?
– Иә, дегенмен ағай алғашқы әскерден келгендегідей, біздің бәрімізден
жасқанып тұратын ұяң жігіт емес, енді бәрімізге ақыл айтатын нағыз
байсалды кісіге айналған. Жалғыз жастардың ғана емес, мен мына
мақалалардан жұрт қамын ойлайтын үлкен азамат үнін де аңғарып отырмын,
Меңтай.
– Түу, қойыңдаршы, - дедім мен қыздардың мақтауынан қысылып. – Мен
баяғы қалпымдамын. Ештеңем де өзгергем жоқ. Ал енді кешкіріп барады.
Жаңағы әңгіменің жалғасы немесе аяғы іспетті бір кішкентай ғана әңгіме
айтайын да, кетейін мен.
383
Достарыңызбен бөлісу: |