Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет380/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ол  Ербол  ағайды  өзіңнің  туған  ағаңдай  көретіндіктен  ғой,  Меңтай,  -  деді 

Майра сәл жымиып астарлай сөйлеп. 

–  Рас,  содан  болар,  -  деді  Меңтай  Майраны  бірден  қостап,  тағы  да  оның 

сөзінің астарын ұқпағандай қалып көрсетіп. – Мен қиналған шақта, сіздің бір 

айтқан  сөзіңіз  көңіліме  медеу  боп,  қайрат  берді,  ағай.  Сіз  ол  не  сөз  екенін 

білесіз бе? 

–  Қайдан  білейін,  Меңтай,  мен  солдаттан  келгелі  көп  сөйледім  ғой,  –  деп 

күлдім мен. – Төрт жыл жаумен үнсіз соғысқан күндердің есесін қайтардым 

білем. 


– Есіңізде ме, сіз былай дегенсіз: «Адам өз басына түскеннің бәріне көнуге де 

тиіс,  оны  көтеруге  де  міндетті.  Өйтпесе  оның  несі  адам?!»  Осы  сөзіңіз  өмір 

бойы жанды жанитын жануыштай боп, көкірегімде қалды. Сіз бұл сөзді біздің 

бөлмеде, «Қызыл көрпені» шығарған күні айтып едіңіз. 

Менің де есіме түсті. Ол күні Одиссей мен Пенелопа жайында әңгіме болған. 

Сол күні 

Меңтай өтініп маған Сәлима оқиғасын айттырған. 

Автобус  келіп,  мен  қыздармен  қоштастым.  Меңтайдың  қолын  ұстағанда 

жүрегім  аузыма  тығылардай  лүпілдеп  қоя  берді.  Ол:  «Тағы  ештеңе  бітпеді 

ме?» деп, зар қаққандай болды. 

Елжіреп Меңтайдың бетіне телмірдім. Ол төмен қарап кетті: Автобус мені екі 

қыздан айырып, Алматыға қарай ала қашты. 

Бұл  күні  мен  ештеңе  бітіре  алмадым.  Меңтайдың  хал-жайын  біліп,  егер  ол 

шын  бос  болса,  тағы  да  сөз  айтсам  деген  ойым  орындалмастан  қалды. 

Орындалмағанымен  оны  көргеніме  мәз  болып,  толассыз,  тоқтаусыз  сөйлей 

бердім.  Сұрағандарының  бәріне  жауап  та  қайырдым.  Меңтай  толық  етіп 




386 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   376   377   378   379   380   381   382   383   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет