Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет388/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Келмейді,  келмейді!  –  дедім  мен  басымды  шайқап.  Осылай  деп  мен 

Меңтайды  құшағыма  алып,  бетінен,  көзінен,  маңдайынан,  иегінен  аймалап 

сүйе  бастадым.  Ол  қарсылық  білдірмеді.  Бар  ықыласымен  бауырыма  кіре 

түсіп,  ақ  тамақ,  қызыл  ерін,  жұмыр  мойнының  мен  қалаған  жерін  ерніме 

тоса, екі көзін шарт жұмып алып, шалқая берді. Біз төбесінде тұрған Көктөбе 

теңселіп  кеткендей  болды.  Ол  бізді,  махаббаттың  бесігі  болып,  тербей 

жөнелген сияқтанды. 

Осы  сәттен  бастан  мен  уақыттың  мөлшерін  білуден  қалдым.  Меңтайдың 

маңында  жүрсем  маған  шығыстан  сарғайып  таң  атса-ақ  болды,  көзді  ашып-

жұмғанша  батыстан  түнеріп  төңірекке  түн  шөге  бастайтын  тәрізденді. 

Әшейінде,  аяғын  тәй-тәй  басып,  жүк  жағалаған  баладай  боп,  аспанда  күні 

бойы мөңгелеп жүріп алатын күн енді гүрс етіп стволдан шыға сала дүрс етіп 

көздеген жерге барып жарылатын танктың снарядынан да ұшқыр боп кетті. 

Сол  сияқты  түн  де,  электр  қырықтықпен  қырқылған  қара  қойдың  жабағы 

жүніндей боп, лезде еңсеріледі де қалады. Ал мен Меңтайдың қасынан сәл 

ұзап  шықсам-ақ  әлгісағат  жүрмейді,  күн  бедірейіп  бір  жерден 

қозғалмайды,тұншықтырып,  туырлықтай  тұтасып  жатып  алады.  Еркектің 

таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында 

жүрсе  жаныңа  қанат  беріп,  алыста  жүрсе  аңсататын,  жұлдызын  оңнан 

туғызып,  еңбегін  жемісті  ететін  сүйген  жар  екен  ғой,  шіркін!  -  деген  ой  осы 

кезде келді маған. 

Сонымен  біз  Майраның  үйіне  кешке  қарай  бір-ақ  оралдық.  Меңтай: 

«Апамнан  ұят  болды-  ау.  Мені  қайда  кетті  деп  іздейді-ау»  деп,  жеткенше 

қысылып келді. 

Майраның шешесі шынында да Меңтайды күтіп отыр екен. 




394 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет