Әдеби KZ
болғандай, бір дір етіп барып, қайта ашылды. – Бірақ менің сақинам сынып,
сабағым үзіліп қалды ғой...
– Меңтай тағы да ернін тістеледі. - Кейін бетке шіркеу болар...
Меңтайдың тамағына жас кеп тығылғанын аңғардым. Жаным онымен қоса
қиналып, не істерімді білмей, қабағымды шытып, мен де ернімді тістелей
бердім. Бірақ ол лықып келіп қалған көз жасын тез тоқтатып тастады да,
сабырмен сөзін аяқтады.
– Жақсы жардан жан ауыртар сөз естіп отыру азап болар...
– Жоқ, жоқ, – дедім мен өз үніме өзім не бола алмай қыстыға сөйлеп, – мен
сені соғыстан келген күні бірінші рет көрген күйімде қабылдаймын. Сен сол
күйіңдесің, сол қалпындасың, Меңтай! Сенің ештеңең өзгерген жоқ...
Меңтай ақырын ғана басын шайқады. Менің одан сайын дегбірім қашты.
Оны қалай жұбатарымды білмей, жаным күйзелді. Тістеніп, жан-жағыма
қарап пиджагімнің өңірін жұлмаладым. Осының бәріне сол кінәлідей-ақ,
біржола жұлып алардай боп, қайта-қайта түймемді жұлқыладым.
– Сөзіме сенбесең, өзіме сенесің бе? – дедім екі танауым қусырылып.
Меңтай бетіме қарап, ақырын ғана басын изеді. Тегі менің екі көзім құрық
көріп, құйрығын тігіп алып, шығандап қашқан қашағанның көзіндей долырып
кеткен болуы тиіс.
Меңтай тез екі қолын бірдей көтеріп, бетімді сипады. Осы кезде мен
алқымын бұғалдырық қысқан асаудай жуаси бастағанымды білдім.
– Сенемін! Сенемін! – деп Меңтай бетімді сипап тұрып екі рет қайталады. –
Дегенмен, бірде болмаса бірде көңілге келіп жүрмесе дегенім ғой.
393
Достарыңызбен бөлісу: |