Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет395/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Майра,  мен  өз  аузымды  қараңғыда  да  таба  аламын,  –  дедім  жымиып. 

Өзімше тауып айттым деп ойлап, іштей рақаттанып қалдым. 

Майра  бұған  сақылдап  күлді.  Бір  толқын  күлкісі  толастай  бергенде  екіншісі 

басталды. 

Содан кейін жалаңаш білегімен көзінің жасын сүртіп, күлкісін тыйды. 

– Әй, қайдан білейін, қараңғыда табатын кісі жарықта адаспаса керек еді. 

Майраның үсті-үстіне толқындата неге ұзақ күлгенін мен енді ғана аңғардым. 

Ол менің батылсыздығымды, бостығымды ажуалап тұр екен. Ол Майраның: 

«Батыл болсаң  Меңтайға баяғыда қолың жететін еді» дегені екен. Мен оны 

бірден мойындадым да: 

– Иә, оның да рас, Майра, - дедім. Майра тағы да күлді. 

–  Әй,  Ереке-ай,  қандай  адал,  ақкөңілсіз.  Шындықтың  шеті  шықса,  шынжыр 

торға  шырмалғандай  боп  қалатыныңыз  тағы  бар-ау  сіздің.  Біздің  мына 

қыздың көкейін тесіп жүрген де осы адалдығыңыз ғой, шіркін! 

Меңтай  үндеген  жоқ.  Тек  қасында  түрегеп  тұрған  Майраның  бір  иығынан 

құшақтап,  оның  маңдайынан  қақ  жарған  қос  бұрымды  ұзын  шашын  қайта-

қайта сипалай берді. 

–  Екеуіңе  бір  тарелка  қояйын  ба?  –  деді  Майра  иығын  құшақтап  тұрған 

Меңтайға мойнын бұрып. 

Меңтай көзін жыпықтатып, басын изеді. 

– Бір қасық берейін бе? - Меңтай тағы да бас шұлғыды. 

– Айттым ғой мынау бүгін тіл-жағынан біржола айырылып қалған деп... 



401 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет