Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет391/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Иә,  ей,  тұрсаңшы,  жарылып  кетпей  неғып  отырсың?–  деп  ол  Меңтайды 

шыр көбелек айналдырды. – Иә, айтпап па едім мен саған Ербол сені шексіз 

сүйеді, ал шын сүйген адам ештеңеге қарамайды деп. Иә, айттым ба? – Көзін 

бір  ашып,  бір  жұма  түсіп,  Меңтай  тағы  да  бас  изеді.  -  Иә,  мен  саған  қысты 

күні-ақ  ана  сұмпайың  «қатын  алдым»  деп  кеткеннен  кейін,  айтпап  па  едім 

Ерболды іздейік, осыны айтып хат жазайық деп. Сен без-без етіп болдың ба 

сонда?  –  Майра  енді  Меңтайдың  дауысына  сала  сөйледі.  –  «Жо,  жоқ.  Ағай 

мен үшін оқуын тастап кетті. Ендігі біреумен танысып та қойған шығар. Оны 

бұзуға  болмайды.  Мен  не  болсам,  ол  болайын.  Бірақ  ол  кісінің  бақытты 

болуын  тілеймін!» деп  еңіреп  жылап жатып  алдың.  Аш  күзендей  бүгіліп  бір 

жұма бойы төсектен тұрмадың. Иә, сонда мен саған айттым емес пе: ағайың 

сияқты  адамдар  тез  таныса  бермейді.  Ондай  кісі  танысының  бәріне  табына 

да  бермейді.  Шынында,  оның  айналасында  отыз  шақты  қыз  оқыдық. 

Солардың  ішінен  жалғыз  саған  ғана  ықыласы  ауды.  Сенен  күдер  үзгенде 

өзгемізге  көз  ілместен  кете  барды.  Басқаны  былай  қойғанда  қақылдаған 

Қанипа  мен  мүйізі  қарағайдай  Зайкүлге  де  қараған  жоқ,  ағайдың  бақытты 

болуын  тілеймін  дейсің.  Мен  айтайын  саған:  Ербол  ешқашан  да  сенсіз 

бақытты  болмайды,  сен  онсыз  өмір  сүре  алмайсың!  Иә,  осылай  дедім  бе? 

Дедім Иә, енді сүй қазір ғашығыңның бетінен. Осы менің көзімше сүй! 

Меңтай  күліп,  екеуінің  қасында  түрегеп  тұрған  маған  қарай  қолын  созды. 

Мен, магнит тартқан бүркеншікті шегедей лып етіп, қыздың қасына бардым. 

Ол  мені  сүймекші  боп  жатыр  еді.  Жібектей  созылған  Меңтайдың  баяу 

қимылына шыдамадым білем, бас салып оны өзім сүйе бастадым. 

Майра сақылдап кеп күле жөнелді. 

– Иә, апырай, көніңіз кеуіп қалған екен сіздің, – деді ол күлкісін тыя алмай. - 

Тұра тұрыңыз, енді сізді мына қыз сүйсін. 



397 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет