Әдеби KZ
– Қарағым, қайда жүрсің? Қарның ашып қалды ғой, – деді ол есіктен аттай
берген
Меңтайды құшағын жая қарсы алып. Содан соң оны шөп еткізіп маңдайынан
сүйді.
– Сәлеметсіз бе aпa? – дедім мен, кемпір Меңтайдың бетінен сүйіп бола
берген кезде.
– Сәлемет пе, қалқам, – деп ол бұрылып менің бетіме қарады. – Кешегі
баламысың? Е, жоғары шық, шырағым.
– Апа, өзіңіз қалайсыз, тәуірсіз бе? - деді Меңтай.
– Тәуірмін, қалқам, тәуірмін. Осы дәрігерлердің бір салауаты бар. Үйде қанша
ыңқыл- сыңқыл болып ауырып жүрсем де, құдайдың құдіреті, дәрігер
алдына барғанда жазыламын да кетемін. Бүгін де сөйттім. Бағана, түсте,
берген дәрісін ішіп, ағыл-тегіл терлеп келіп. Енді мүлде жазылып кеттім.
– Бәле, жақсы болған екен, апа, - деді Меңтай кемпірді құшақтап.
– Ойбай-ау, мен өзімнің ауруымды айтып, сарнап тұрып алыппын-ау, - деді
кемпір тез орнынан қозғалып. – Сендерге деп әлгінде бір май шайқатып
қойып едім. Майра келгенше нанға жағып, соны жей тұрыңдар. Майра қазір
келеді, сиыр қайырып келуге кетті.
Мейірбан ана батар күннің соңғы сәулесі мол төгіліп тұрған төргі бөлме
ішіндегі дөңгелек үстелге дастарқан жайып, Меңтай екеуіміздің алдымызға
ас қойды.
– Осыны аужал қыла тұрыңдар, қарақтарым. Мен қазір тез сиыр сауып,
ыстық ас жасап беремін.
395
Достарыңызбен бөлісу: |