Әдеби KZ
Осыдан кейін біз гүлді өзекті қуалап, Көктөбеге қарай беттедік.
– Мен сізді ешқашан да көрмейтін шығармын деп ойлаушы едім, – деді біраз
жүрген соң Меңтай.
– Неге?
– Білмеймін...
– Онда мені ойлаған екенсің ғой?
– Ойладым, көп ойладым. Сіз туралы ешқашан да ойламайын деп өзіме-өзім
талай рет ант еттім. Бірақ соның артынша қалай ойлап кеткенімді өзім де
білмей қалып жүрдім.
Мен Меңтайдың қолын уысыма алып, құшырлана қыстым. Меңтай қолын
тартып алмады, тіпті ауырсынған да белгі бермеді. Енді мен оның қолын
алақанымнан шығармадым.
– Ал мен сені бір күн де ойымнан шығарған жоқпын, Меңтай.
– Сенемін.
– Тоғыз ай сенен аулақ болу менің махаббатымды өсірмесе, өшірген жоқ.
Мен сені сол қалпымда сүйемін! Осыған сенесің бе?
– Сенемін. Бірақ...
Меңтай аппақ, жұп-жұмыр мойнын сәл солға қарай бұрыңқырап, үнсіз
қалды.
– Бірақ дегенің не? – дедім мен сыбырлай үн қатып.
– Бірақ... – Меңтай ар жағын тағы да айтқысы келмегендей, ернін тістеледі
де, тез босатып жіберді. Қалпына келген томпақ ерін тістегенге запы
392
Достарыңызбен бөлісу: |