Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет385/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Иә,  сіз  асығыс  болсаңыз,  мен  де  асығыспын,  –  деп  Майра  кетуге 

ыңғайланды.  -  Кешеден  бері  апам  басым  ауырады,  жүрегім  шаншыды  деп 

мазасызданып  жүр.  Менің  сол  кісіні  дәрігерге  көрсетіп,  дәрі-дәрмек  алып 

беруім керек. 

– Жүректің дәрісі маған да керек еді, – дедім мен Майраға әзілдеп. 

– Иә, біліп тұрмын, – деді Майра да әзілге әзілмен жауап қатып. – Сізді мына 

Меңтайға тапсырамын. Сізге керекті дәрі-дәрмекті тауып, біз келгенше емдеп 

қояр деп ойлаймын. 

– Бұл кісі менен дәрі сұрап келмеген шығар, – деді де, Меңтай тоқтап қалды. 

«Бұл сөзді бекер айттым-ау» дегендей боп, өз-өзінен қызарып төмен қарады. 

–  Дәрі  сұрамаса,  дәнемең  кетпес.  Біз  келгенше  ағайды  ертіп,  өзен  басына 

барып қайт. 

Ағайға ауылдың айналасын көрсет. Көктөбенің басына ертіп бар, - деп Майра 

құрбысына шегелей тапсырды да, өзі шапшаң аяңдап үйге қарай жөнелді. 

– Сіздің уақытыңыз бар ма еді? – деді Меңтай Майра үйге кіргеннен кейін. 

– Бар. 

– Онда, қаласаңыз мен сізге ауылдың айналасын көрсетейін. 

...Біз аяңдап Бүрген өзенінің жағасына келдік. Айғай-шуды көбейтіп, ақ көбік 

атқылап өз- өзінен лепіріп жатқан таяз өзенге біраз үнсіз қарап тұрдық. 

– Тау өзені көпіріп кеп сөйлейтін мақтаншақ, даңғой адамға ұқсайды, - дедім 

мен. – Қарашы: суы тізеге жетпейді, шуы жер жарады. 

Меңтай мені құптап, бас изеді. 

– Рас. Дала өзені лықсып, үнсіз ағады. Суы да терең болады ғой, – деді ол. 




391 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет