Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет393/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Екі,  –  деп  Майра  аты  жоқ  саусағын  бүкті.  Содан  соң  ол  «үндемеңіз» 

дегендей ишара жасап, маған ақырын көзін қысып қойды.  – Дұрыс. Ал енді 

сізге Меңтай: «жаным, сәулем!» деді ме? 

– Жоқ, – дедім мен басымды шайқап. 

– Ендеше соны айтқызу керек, – деп Майра бұрыштағы биік үстел жанындағы 

жайдақ орындықтан атып тұрды. – Айт, Меңтай. 

Меңтай  оның  бұйрығын  екі  етпеді.  Жерде  қатар  отырған  менің  қолымды 

ұстап: 

– Жаным! Сәулем! – деді үздіге үн қатып. 

Маған сол арада дүниеде Меңтай аузынан шыққан осы екі сөзден тәтті, осы 

екі сөзден күшті ештеңе жоқ сияқты боп көрінді. 

– Қой, Майра, сыртқа шығып, апама көмектесейік, – деп Меңтай тез орнынан 

тұрды. 


– Иә, сіз де жүріңіз, - деді Майра не қыздармен бірге сыртқа шығарымды, не 

үйде  қаларымды  білмей  қипақтап  қалған  маған.  –  Меңтай  сиыр  сауады,  сіз 

бұзау ұстайсыз. 

Осыны айтып Майра тағы да күлді. Сырттай сабырлы көрінетін, орынсыз көп 

те  сөйлей  бермейтін  Майра  бүгін  адам  танығысыз  боп  өзгеріп  кеткен 

сияқтанады.  Әртүрлі  әзіл,  күлкісімен  Меңтай  екеуміздің  жанымызды 

қытықтап, күміс қоңыраудай сылдыраумен болды. 

Біз  бірімізді-біріміз  жетектеп,  сақылдай  күліп,  сыбырлай  сөйлеп  сыртқа 

шықсақ, 



399 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет