Әдеби KZ
Отқа тақаған балауыз шамдай қызып, балқи бастаған мен әрең тоқтадым-ау
деймін. Сол кезде Меңтай келіп бар ықылас, махаббатын танытып,
дірілдеген ыстық ернін ерніме тақағанда теміршінің электр дәнекерлегішінің
тұмсығы тиген кесек қорғасындай еріп, елжіреп бара жатқанымды сездім.
– Жарайды, болды, болды, - деді Майра тағы күліп. - Бір жабыссаң
айырылмайды екенсің ғой өзің.
– Енді қайтейін, сүй деген соң сүюдің жөні осы екен деп жатқаным да, – деп
Меңтай да қымсына күлді.
– Сен өзің жаңағылардың бәрін тегіс айттың ба? Айтты ма? - деп Майра
күлкісін тыйғаннан кейін Меңтай екеумізге кезек қарады.
Меңтай басын изеді.
– Күні бойы арамызда айтылмаған жыр, ашылмаған сыр қалмаған сияқты, –
дедім мен.
– Бәсе, өзіңіз айтыңызшы. Әйтпесе мынаның қуанғанынан тіл-аузы байланып
қалыпты. - Майра Меңтайды нұсқап, тағы да сақылдап күліп алды. – Енді
сізді «ағай» дегенін қойды ма?
– Қойды, - дедім мен күліп.
– Бір, – деп Майра сол қолының шынашағын бүкті. – «Сіз» дегенін қойды ма?
– Қойды. Бірақ бұған бірнеше рет репетиция жасауға тура келді. Ұмытып
кетіп, қайта- қайта «сіз» дей береді.
– Әйтеуір сізді «сен» деуге тілі келді ғой.
– Келді.
398
Достарыңызбен бөлісу: |