Әдеби KZ
данышпандарды сыйлағыш мен екі күн бойы қасымдағы тірі дананы
елемеппін -ау.
«Ана болған – дана болады» деген сөзі қандай жақсы еді апамның. Жо-жоқ,
жалғыз бұл емес, жаңағы айтқан бар сөзі маржан ғой тізіліп тұрған. Кеш
менің білместігімді, данышпан ана. Мен ішпей маспын ғой бұл күндері. Mac
кісі не білуші еді, не аңғарушы еді. Соны ескер, абзал ана. Әрине, мен мұны
ауызша айтқаным жоқ. Оймен айттым.
Өйткені мен үндемей отырып, іштей сөйлеуге ғана шешенмін ғой. Ал ауызша
айтқан бар сөзім мынау ғана болды.
– Алдияр ана, айтқаныңызды орындаймын! - деп бас иіп, ант еткендей оң
тіземді бүктім.
Бұл менің анаға деген ризалығым еді. Бұл және Меңтайға ризалығымнан
айтылған сөз болатын. Осы аз сөздің өзін әрең айттым. Өйткені мен өзімнің
тебінгідей үлкен еріндеріме ие бола алмай қалдым. Ол, жылаған жас
баланың ерніндей боп, кемсеңдеп кетті.
Майра жүгіріп кеп мені қолтығымнан көтерді.
– Иә, не боп кетті өзі. Жұрт қуанады екен десе, – деп ол өз-өзінен күбірлеп
жүр.
– Қуаныш деген осы ғой, күнім, – деді ана енді камзолының қалтасынан
орамалын алып, көзін сүртіп жатып. – Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол
тек бала басынан кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш
та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата
келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.
– Иә, апам бүгін философ болып кетіпті, – деп Майра бізді орнымызға
жайғастыра бастады. – Отырыңызшы, Ереке. Отырсаңшы, Меңтай.
406
Достарыңызбен бөлісу: |