Әдеби KZ
– Үйдің төбесіне жатуға бола ма? – дедім мен. Менің бүгінгі көңіл күйім не
үйдің төбесіне, не таудың төбесіне жатуды керек қылғандай еді.
– Болады. Онда мен сізге төсекті төбеге салайын, – деп Майра төр жақта
жинаулы тұрған жүкті бұза бастады.
Орнымнан ұшып тұрып, мен де оған көмектесуге кірістім. Мен текеметті,
Майра көрпе- жастықты көтеріп екеуміз сыртқа қарай беттедік. Меңтай ауыз
бөлмедегі биік ағаш төсекті бұзып жатыр екен. – Меңтай, – деді Майра
шығып бара жатып, – сен андағы, апамның төсегін салып болғаннан кейін
өзіміздің төсек-орынды беседкаға апара бер.
– Жарайды, Майра.
Бұл екі сөз маған ғажап музыка, асқақ әндей боп білінді. Сол ән мен музыка
жаныма қанат бітіріп, жайраңдап далаға шықсам, ай сүттей жарық, ауа
қымыздай тәтті екен. Кеудемді кере дем алып, қабырғаға сүйеулі тұрған саты
ағаштың орта беліне дейін көтерілдім де, текеметті жоғары шығардым. Одан
соң жерде тұрған Майраның қолындағы көрпе- жастықты алып, төсекті өзім
салып аламын деп, оны қоя бердім. Маған алаңдамай, олардың тезірек
беседкаға жайғасуын тіледім.
XV
Майра маған бір көрпе мен бір жастық және ұзыншақ келген құрақ көрпеше
беріпті.
Соғыстан соңғы дүниеге тапшы кез еді ғой ол. Құрақ көрпешені текемет
үстінен төсеуге әрі простыня орнына бергенге ұқсайды. Төсекті тез салуын
салып алғаныммен, тыншығып жата алмадым. Текеметке киімшең құлаған
бойыммен, өлі тигендей дөңбекшіп, біресе он жамбасыма, біресе сол
408
Достарыңызбен бөлісу: |