Әдеби KZ
қасымда келе жатқанын көргенде менің жүрегім жарылардай боп дүрс-дүрс
соқты.
Үйдің үстіне шыққаннан кейін Меңтай төсек үстіне келіп, демін ішіне тартып
дымы құрығандай боп, шоқиып отыра кетті. Сол тұста көкте қайырған
қыранның тегеурінінен тайсалақтап, діріл қағып, жан ұшырып тегіс жерде
шалқасынан құлаған қызыл түлкінің үстіне жарқ етіп, нажағай соққандай
болды. Ерінді ерін тауып, бір-бірінен шырын сорып, бал жұтысқан тойымсыз,
тынымсыз, толассыз бір сәт туды.
Меңтай екеуміз құшақтасып, жалаңаш денеміз сүйіскен екі еріндей
жабысып, көрпе астында үн-түнсіз ұзақ жаттық. Бұл күн ыстықта ұзақ жол
жүріп, қаны кеуіп шаршап, қаталап келіп, алдынан кездескен мөлдір бұлаққа
бас қойған адамның алғашқы алған рахатынан кейінгі тапқан тынысы тәрізді
шақ еді. Қатты шөлдеген адамның сусыны қанушы ма еді? Менің тағы да шөл
қандыру әрекетіне кіріскім келді. Осы кезде Меңтай мені сәл бөгеп, бір нәрсе
сұрағысы келгендей ыңғай білдірді.
– Сіз... сен менен жиіркенген жоқсың ба? – деді ол.
– Жоқ.
– Жиіркенбейсің бе?
– Жоқ.
– Өмір бойы ма?
– Иә...
Осы кезде менің денемнің Меңтай жақ жартысы дір ете қалғандай болды.
Діріл тез қайталап, бірден жиілей түсті. Сөйтсем, Меңтай өксіп, жылап жатыр
екен. Оны неден ренжітіп алдым деп мен жаным шыға бәйек болып, асты-
үстіне түстім.
410
Достарыңызбен бөлісу: |