Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет412/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

екеумізге  кезек  қарайды.  Содан  соң:  –  Апасын  алушы  ма  еді  жұрт?  –  деп 

сұрайды. 

Бәріміз қыран күлкі боламыз. Майра Жомартбекті төмпештеп, екі құлағынан 

кезек жұлады. 

–  Ойбай,  апатай,  алмайын,  апатай,  –  деп  Жомартбек  бақырып,  үйді  басына 

көтереді. 

Бұған да көзімізден жас аққанша күлісіп, мәз боламыз. 

Кейде  Зайкүл  келеді.  Келеді  де  ол  біздің  ескі-құсқы  базарынан  сатып  алған 

жаман диванымызға жалп етіп отыра кетеді. Содан соң, бір аяқты бір аяқтың 

үстіне  салып,  юбканың  етегін  кейін  серпіп  жіберіп  екі  аяқтың  санын 

жарқырата жалаңаштап тастайды да, сөзге кіріседі. 

– Өз курсында оқитын қыз бен жігіттің оңаша үйі болып, аяқты көсіліп тастап 

отыру – қандай рақат, – дейді ол мардымсып. 

Жомартбек оған дүрсе қоя береді. 

– Әй, әй, Зайкүл, – дейді ол қабағын түйіп. – Сен Кербез ағайыңның алдында 

отырған жоқсың, жап етегіңді. 

– Өй, осының өзі мәдениетсіз, – дейді Зайкүл міз бақпай, бетін тыжырайтып. 

– Қызға кісі өстіп дөкір сөйлей ме екен? 

Жомартбек қарқылдап күліп жібереді. 

– Е, немене, қыз емес дегің келе ме,  - дейді Зайкүл басын қақшита ұстап.  – 

Менің  мына  Меңтай  сияқты  күйеуім  бар  ма?  Жоқ.  Ендеше  не  керек  саған? 

Артта қалғансың. Мен саған жолда жатсаң қарамас едім. 

Меңтай тез орнынан тұрып, Зайкүлдің қасына барады. 




418 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет