Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет414/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Менің  шарабым,  шербетім  мінеки,  –  деп  қасымда  бейқам  отырған 

Меңтайдың бетінен сүйіп кеп алдым. 

– Күн сайын ішесің, күнде мас боласың, ә? – деді Жомартбек желпініп. 

– Иә. 

Зайкүл сықылықтай күліп, стаканға қайтадан қолын созды. 



– Олай болса, ішемін. 

– Ербол, Зайкүлмен соғысып ішсеңші, – деп Меңтай маған да құйды. 

– Ендеше маған да тамыз, – деп Жомартбек те стакан тосты. – Бәрібір Ербол 

Зайкүл екеумізге басқа шарап-шербетінен татырмайды. 

Зайкүл орта стакан шарапты бір-ақ қағып салды да, күлді кеп. 

– О не, Зайкүл? – деді Жомартбек бұрылып. 

– Менің шарабым басқа дегенде мұның өзі оңаша ішіп жүрген бәлзамы бар 

екен десем. 

Мен  бір  мықтының  үйінен  ішкемін  ондай  бәлзамды.  Бірақ  оның  сауыты 

қыздың  беліндей  жіп-жіңішке  болады  екен.  –  Осы  арада  Зайкүл  көзінің 

қиығымен  Меңтайға  қарап  қойды.  –  Ал,  мына  Ерболдың  бәлзамының 

сауыты... – Зайкүл одан сайын сықылықтады. 

–  Аузын  кенеппен  тығындап  қоятын  қойшылардың  карелин  сауытына  ұқсай 

ма, қалай, Жомартбек? 

Меңтай  қызарып  кетті,  бірақ  үндемеді.  Іші  білініп,  жүріс-тұрысы  ауырлап 

қалған  жарымды  сөккені  маған  да  ұнамады.  Жомартбек  те  теріс  айналып 

кетті. 



420 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет