Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет411/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Оны тастаймын. Редакция ол жақтан өзі босатып алады. 

– Қайдам, өзіңе ауыр болып жүрмесе? 

– Жоқ, түсейін. Менің арманым нағыз журналист болу емес пе? Ол үшін осы 

газетте  жұмыс  істеуім  керек.  Оның  үстіне  қызмет  істесем  екеуміздің  де 

жағдайымыз жақсарады. 

– Өзің біл. Бірақ маған осыдан артық еш жағдайдың керегі жоқ, Ербол. Мен 

қандай қиындық болса да шыдаймын ғой. 

Сол  күні  маған  Ербол  Есенов  республикалық  газеттің  әдеби  қызметкері 

болып тағайындалсын деген бұйрық берілді. Тағдыр менің сүйген қызымды 

да, сүйікті қызметімді, осылай, бір-ақ күнде қолыма ұстатты. 

Сонымен,  не  керек,  нағыз  бақытты  жан  мен  болдым.  Меңтай  екеуміз 

Мичурин  көшесінен  оңаша  бөлме  жалдап  алдық.  Мен  Меңтай  дегенде,  ол 

мен дегенде ішкен асымызды жерге қоятын болдық. Біріміз жоқта біріміз бір 

ұрттам су ішпейтінбіз, тамағымыздан өтпейтін. 

Мен  жұмыстан,  ол  сабақтан  босасақ-ақ  болды,  екеуміз  бір-бірімізге  қарай 

ұмтылатынбыз. 

Жылдам жетіп, жолығысқанша асығатынбыз. 

Біздің  кішкентай  бөлмеміз  бүкіл  курс  студенттерінің  орталығына  айналды. 

Олар, әсіресе, демалыс күндері біздің үйден шықпайтын. Шай ішетін, шарап 

тататын. Өте-мөте Жомартбек пен Майра біздің үйге жиі келетін. 

– Екеуің қосылсаңшы, – дейтінбіз біз оларға әзілдеп. 

–  Менің  қосылғым-ақ  келеді-ау,  –  дейтін  ондайда  Жомартбек  күліп.  -  Бірақ 

мына  Майра  мен  сенен  үш  жас  үлкенмін,  апаңмын  деп  болмайды.  Осылай 

деп  Жомартбек  күлкісін  тыя  қояды  да,  моп-момақан  болып,  Меңтай 



417 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет