Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет408/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Өстіп Меңтайды құшақтап, жұлдыздармен сөйлесіп жатып, мен соншама бір 

ғажап, рақат теңізінің түбіне қарай шым батып бара жатқан сияқтандым. 

Таңертең Меңтай ерте тұрып, мені қайта-қайта сүйді. Содан соң беседкадағы 

Майраның  қасына  кетті.  Мен  жалғыз  қалдым.  Бұл  жолғы  жалғыздығымды 

мен басқаша сезіндім. Үй үстінде бір өзім оңаша болғаныммен, Меңтай көзге 

көрінбей қасымда жатқан тәрізденді. 

Ол да оңаша емес, қасына мені алып жатыр деп ойладым. 

Көкжиектен  дөңгелеп  күн  шығып  келе  жатты.  Жалғыз  жатып  мен  күбірлеп 

күнмен  сөйлестім,  сыбырлап  желмен  сөйлестім.  Оларға  да  өз  бақытымды 

айттым. 

Бір  кезде  үйден  шелегін  салдыратып,  сиыр  саууға  Майраның  анасы  шықты. 

Мен киініп үй төбесінен түсіп, абзал анаға сәлем бердім. 

– Армысыз, анам! 

– Бар бол, балам. Ұйқың келмесе, өзенге бар, – деді ол. 

– Бүрген! Бүрген, мен бақыттымын, – дедім, өзен жағасына келіп айқайлап. 

Одан соң аяңдап гүлді өзекке түстім. 

– Гүлдер, гүлдер! Мені құттықтаңдар! Мен сендердей гүл құшақтадым, мәңгі 

құштым! – дедім оларға. 

Гүлдер  қуана  құттықтап,  бастарын  изесті.  Содан  соң  мен  Көктөбеге 

көтерілдім. 

– Мен бақыттымын! – дедім төбе басында тұрып дауыстап. Маған алыстағы 

таулар үн қосты. Олар: «Мен бақыттымын! Мен бақыттымын!» деп жаңғыра 

жауап қатты. 




414 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет