Әдеби KZ
– Не болды, жаным?
– Жай, әшейін.
– Әшейін емес қой, айтшы, қуатым, – дедім мен жалынып.
– Әшейін, – деді Меңтай үстіміздегі көрпенің шетіне көзін сүртіп.
– Айтшы, сәулем, – дедім оның ащы жас шыққан екі көзінен, аузынан
тынбастан сүйіп. –
Айтшы, қуатым.
– Жай, әшейін дедім ғой... Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? Өзегіне құрт
түскен алмаға кім қолын созар еді?... деп... Әшейін соған...
Меңтайдың неге жылағанын енді білдім. Тезірек оны жұбатуға асықтым.
– Қойшы, қалқам, оны ойламашы, – дедім тағы да толассыз сүйіп жатып. – Ол
бір сәт түнде көрген жаман түс сияқты болып, өтті де кетті емес пе.
Ойламашы соны. Сен бітеу тұрған, бұзылмаған ең тәтті алмасың, жаным.
– Мен сіздей... сендей кісіге лайық емеспін-ау, тең емеспін-ау деп ойлаймын.
– Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сәулем!
Меңтай біраз үнсіз жатты.
– Жарайды, сенің көңіліңе келмесе болды маған, – деп ол мені ыстық
ернімен аймалап, жұмсақ алақанымен жанымды сүйсіндіре жауырынымды
сипады.
– Келмейді, келмейді, қуатым! Сенші маған. Келмейді ешқашан да! Ешқашан
да! Мен сені осылай құшып жатқаныма бақыттымын, қуатым, қызығым,
өмірім, өзегім!..
411
Достарыңызбен бөлісу: |