Әдеби KZ
– Жайса, жая берсін.
Дүниеде әйелдің тәнінен тәтті, оның тұлғасынан сұлу ештеңе жоқ шығар, –
деп ойладым мен Меңтайдың ақ денесін көрпемен қайтадан қымтап жатып.
– Әйелдің асыл тәніне тәнті болу – еркектік тіршіліктің түйіні шығар деп
түйдім мен онда. Бірақ ешбір картина менің Меңтайымның сымбатын бере
алмайды. БарлықВенералар да, Данаялар да, Мариялар да, Вирсавиялар да,
Меңтайдың шеніне келмейді. Өйткені бұл ешкім көрмейтін менің өз
картинам, өз дүнием, өз байлығым, өз бақытым! Міне, мен Меңтайды
бауырыма басып ішімнен осылай деп жаттым. «Меңтай – менің өз картинам,
өз дүнием, өз байлығым, өз бақытым!» деп мың мәрте қайталадым.
Әйел мүсінінің сұлулығын қыл қаламмен жырлап өткен ұлы даналар
қалдырған Эрмитаж қабырғаларындағы бір көрген адамның ешқашан есінен
кетпес мәңгілік ғажап картиналардай болып, сол бір түн, жарық ай, жалаңаш
Меңтай күні бүгінге дейін менің көз алдымда қалды. Сол жолы мен
сұлулықтың шын сырын ұқтым. Әйел сымбаты, әсіресе оның жалаңаш мүсіні
дүниедегі ең қуатты күш екенін түсіндім. Әйел тәні еркектер үшін магнитпен
пара-пар екенін білдім. Жалаңаш әйелді жау да жеңе алмас-ау деп ойладым.
Бұл сабақты маған сол түн, сол сәт берді. Ол түн маған дүниеде ең бір ұлы
сабақтың алғашқы әліппесі болды.
Мен шалқамнан жатырмын. Меңтай бір қырындап, мені құшақтап алған.
Мен оны мойнынан қысып, екінші қолыммен қолын сипап жатырмын.
Аспанда асыға ай дөңгелеп барады. Одан әріректе, менің Меңтайымның
жүзін көруге таласқандай боп, жұлдыздар жапырласады. Олар бір-бірімен
жарыса жымыңдасады. Содан соң: «Сен қандай бақыттысың!» деп маған бас
изегендей болады. «Иә, мен бақыттымын! – деймін жұлдыздарға күбірлеп. –
Менің бақытыма сендердің де сандарың жетпейді!»
413
Достарыңызбен бөлісу: |