Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет415/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Әй, әй, өкпелеп қалдыңдар ма? – деді Зайкүл бірден күлкісін тыйып. – Мен 

қалжыңдап айтамын. 

– Мен қалжыңды білмейді дейсің бе, Зайкүл, –деді Меңтай. 

– Алаңдамай тамағыңды ішіп ал. 

– Сенің осы ешкімге ренжімейтін мінезің үшін жақсы көремін, Меңтай, – деді 

Зайкүл шанышқыны қайтадан қолына алып.  – Менің бір ауыз қалжыңымды 

көтере алмай мына екеуі торсиды да қалды. Ойпырай, биыл госэкзамен келе 

жатыр ғой. 

– Зайкүл қолына алған шанышқысын қайтадан тастай салды. 

– Анау кітапты көріп ойыма түсіп кетті. 

– Бір тілде бірыңғай таза сөйлеуге болмай ма осы? – деп Жомартбек Зайкүлге 

тағы тиісті. 

– Өзім орысша араластыра сөйлегенді сүйемін. 

– Өйткені сен Чеховтың «қарындасысың» ғой... 

– Онда жұмысың болмасын. Араластырып сөйлесең ең жоқ дегенде екі тілді 

білетінің  білінеді.  Маған  жұрт  Сағынова  орысшаға  да,  қазақшаға  да  судай 

екен деп түсінсе болды, басқаның керегі жоқ. 

– Оның атын көзбояу дейді. 

– Әй, болса бола берсін! Меңтай басын шайқады. 

– Ол жөн емес қой, Зайкүл. 

–  Өзіңе  не  ұнаса  –  сол  жөн,  басқанікі  не  керек,  –  деп  Зайкүл  шанышқыға 

қайтадан қол созды. 



421 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет