Әдеби KZ
– Иткөйлегін екеуміздің осылай ақылдасып отырып тіккенімізді біздің
бөпеміз де білмейтін болады ғой әлі, иә, Ербол?
– Қайдан білсін ол тентек...
– Ой, ішім, – деп Меңтай ішін баса қалды осы кезде. Мен орнымнан ұшып
тұрып, оны арқасынан құшақтадым.
– Ербол-ай, бүріп әкетіп барады, енді қайттім? – деді ол маңдайынан тер
бұрқ ете түсіп.
Менің де жаным шығып кете жаздады.
– Қазір, қазір, жедел жәрдем шақырайын, – дедім сасқалақтап.
Меңтай басын изеді. Мен жанұшырып көшеге шығып, автоматтан жедел
жәрдемге телефон соқтым. Көп кешікпей жедел жәрдем машинасы келіп,
мен Меңтайды перзентханаға алып бардым. Мен қиналмасын деп
перзентханаға жеткенше ол тістеніп дыбыс шығармауға тырысты. Барысымен
сестралар «ай-түйге» қаратпастан, ішке қарай ала жөнелді. «Кетпеңіз» деп
біреуі маған ескертіп те кетті. Осы қазір келіншегімді босандырып, баламды
әкеп қолыма құшақтатады екен деп, оған едәуір дәмеленіп қалдым.
Бір кезде қолына түйіншек ұстап, жаңағы сестралардың бірі шықты.
– Алыңыз, – деп ол түйіншекті маған ұсынды.
– Мұныңыз не? – дедім мен шошып кетіп, шегіншектей кейін сырғып.
– Әйеліңіздің киімі.
– Әйелім қайда?
Сестра күлді.
424
Достарыңызбен бөлісу: |