Әдеби KZ
сен оған мақтанып кетпе, күнім. (Мақтанбайтыныңды білем ғой, әншейін
айтамын, оған өкпелеп қалма. Жарай ма?)
Айтпақшы, бүгін майдың 5-і екен ғой. Сен әкеп берген газеттен көріп есіме
түсті. Сені баспасөз күнімен құттықтаймын. Одан кейін бүрсігүні болатын
радио күнімен, одан соң Жеңіс күнімен құттықтаймын. Жалғыз мен ғана
емес, «Папама менен де сәлем айт!» деп бүйірімді тепкілеп жатыр мына
тентегің. Оның да сәлемін қабыл ал!
Айтпақшы, Ертай, сен барып деканатқа айт – мені перзентханада жатыр деп
мемлекеттік емтиханға кіргізбей қойып жүрмесін. Менің «Әдебиеттегі
еңбекші әйелдер бейнесі» деген тақырыпқа жазған диплом жұмысымның да
дайын екенін айт. Өзің білесің, осыған дейін бір күн сабақтан қалған жоқпын
ғой мен. Мемлекеттік емтихан тапсыруға қалайда күйім келеді. Қалайда
менің биыл құрбыларыммен бірге диплом алуым керек. Мектепке жолдама
алып, класқа кіріп, «Сәлеметпісіңдер, балалар. Мен сендердің мұғаліміңмін»
деп жас ұландардың алдында жымия күліп тұрсам, арманым болмас еді,
дүние-ай!..
Ойпырау, мынау Сәлемхат тағы да тынышсыздана бастады ғой... Мен осыны
Сәлемхат, Сәлемхат дей беремін. Түбінде Сәлемхат атанып кетіп жүрмесін
осы тентегіміз. Мен бұл тентегіңді қандай болса екен деп ойлайтынымды
білесің бе сен? Ұл болса – саған, қыз болса – маған тартса екен деймін. Бірақ
ұл болса да, қыз болса да ақыры, адамгершілігі сендей болса екен! Ал саған
тағы да Сәлемхаттан сәлем, папасы.
* * *
Адал дос адамға медеу де, демеу де, мақтаныш та, мереке де ғой, шіркін!
Біздің Майра сондай ғой. Жаны қалмай жүр байғұстың біз үшін. Бағана келіп:
432
Достарыңызбен бөлісу: |