Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет427/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

«Баланы  уайымдама,  босанған  соң  апама  бақтырамыз.  Апам  өзіме  әкем 

беріңдер деп айтты» деп кетті. Апамды әуре қылмаспыз. Солардың сырттай 

жасап  жатқан  қамқорлығына  жаның  ериді.  Оның  артынан  өзіңнің  «кешкі 

көлеңкең»  –  Жомартбек  келді.  (Сен  екеуің  біріңді-бірің  жеңе  алмай-ақ 

келесіңдер  қажасып.  Сен  оны  кешкі  көлеңкем  деп  атасаң,  ол  сені  өзімнің 

түскі  көлеңкем  деп  шыға  келеді.  Әйтеуір  қисындырып,  бір  нәрсені  таба 

қояды.)  Бір  газетті  бала  етіп  әлпештеп,  «іңга-іңга»  деп  мені  мазақтап  кетті 

терезе  сыртынан.  Мейлі,  мазақтаса  мазақтай  берсін.  Ертең  өзі  келіншек 

алып, балалы болғанда көрерміз оның әуселесін. 

 

* * * 


Бұл  күнделікті  мен  жай,  әшейін,  ермек  үшін  жазып  жүрмін,  папатай. 

Сәлемхатың баж етіп бақырып жерге түскеннен кейін өзіңе беріп жіберемін 

мұны. Кейін дос-жарандарға оқып, тұңғышымыздың дүниеге қалай келгенін 

айтып, осы күндерді еске алып күліп отыратын болармыз әлі. Соған жазсын, 

соған жеткізсін! Иә, папатай...» 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет