Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет430/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бізді  олар  тірідей  отқа  өртеді,  көзімізді  бақырайтып  қойып,  тікемізден  тік 

тұрғызып көрге көмді. Бірақ біз: 

– Қасиет күші Ұлы Отанның, 

Қанатын бер қыран құстың, 

Ашуын бер арыстанның, 

Жүрегін бер жолбарыстың! 

Күллі әлемнің ашу-кегі, 

Орна менің кеудеме кеп! 

Жау жолына атам сені, 

Бомба бол да жарыл, жүрек! деп, жанған самолеттен жау колоннасына жау 

оғындай  шаншылдық,  айналаға  өлім  шашқан  ажал  ДЗОТына  өз  денемізді 

өзіміз  қол  гранатадай  лақтырып,  дұшпан  пулеметін қанымызбен  қақалттық. 

Жауға  жанымызды  берсек  те,  арымызды  бермедік.  Біз  жығылып  жатып  – 

тұрып жаттық, өліп жатып – жеңіп жаттық. Халық намысын қорғасынға қоса 

құйып,  құрышпен  кіріктірдік  те,  бомбаға  қанат,  снарядқа  заряд  еттік.  Ел 

тәуелсіздігін  төбемізге  ту  етіп  көтердік.  Сөйтіп  біз  дүниені  жайпап  келе 

жатқан темір топанды тоқтаттық. Біз Отан жауын осылай жеңдік. 

Біз  майданда  қандай  адал  болсақ,  махаббатта  да  сондай  пәк  болдық.  Әр 

жүректе  асыл  адамгершілік,  айнымас  махаббат  болуын  тіледік.  Өйткені 

өмірден қол ұстасып өтер жан серік жалғыз жарын шын сүйе білмеген адам 

жолдасын да жақсы көре алмайды, коллективін де құрметтей білмейді. Жан 

жарына  адал  болмаған  адам  қылған  қызмет,  істеген  іс,  атқарған  жұмыс, 

арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы өмірдің 

бар  қызығы  махаббатқа  тіреледі.  Сондықтан  да  махаббатқа  соқпай  кететін 

сезім  аз.  Анаға  сүйіспеншілік,  жарға  құштарлық,  Отанға  перзенттік,  туған 




435 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет