«МАХАББАТ, ҚЬІЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» КІТАБЫ ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?
(Оқырмандарға жауап)
Менің «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабым 1970 жылы жарық
көрді. Содан бері биыл үшінші жылға аяқ басты. Бірақ бұған дейін де менің
оннан аса кітабым жарияланды.
Жұрт кезінде мені жақсы очеркист деп таныды. Солай бола тұрса да мен ол
кітаптарымның бірде-біріне хат алған емеспін. Ал «Махаббат, қызық мол
жылдардың» жалғыз өзіне ғана мыңға жуық хат алдым. Бұрын кейбір
кітаптарыма бірді-екілі рецензия шығып, кей кітаптарым атаусыз қала
беретін. Ал мына романға республикалық, облыстық, аудандық газеттер
беттерінде отызға жуық пікір жарияланды. Сол сияқты, бұған дейін мен кітап
оқушылар конференциясы, жазушының өз оқырмандарымен кездесуі
дегенді естігенім, көргеніммен, менің бірде-бір кітабым бойынша
конференция өтпеген, өзім жазушы ретінде оқырман қауыммен кездеспеген
едім. Ал осы роман жайында Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Семей
438
Достарыңызбен бөлісу: |