Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет429/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қаларымды  өзім  де  сездім  бе,  қайдам,  Меңтайды  аялап,  аймалап,  құшып, 

сүюге,  баладай  әлпештеп,  еркелетуге  бір  тоймаушы  едім.  Ақыры  оның  бір 

кішкентай  қара  тырнағына  да  зар  боп  аңырадым  да  қалдым.  Төрт  жыл 

соғыста  төрт  талына  қылау  кірмеген  көмірдей  қара  шашым  Меңтайдан 

айырылған тұста аппақ қудай боп шыға келді. 

Талай рет ұйықтап жатып Меңтай үнін естідім. «Жаным Ербол, ер бол!» деп 

ол сан рет құлағыма сыбырлады. Еден сықыр ете түссе, Меңтайдың жүрісін 

танып,  сан  рет  басымды  көтеріп  алдым.  Оның  көйлегінің  сыбдырын 

естігендей  боп  сан  рет  елеңдедім.  Бірақ  ол  келмеді,  көрінбеді.  Мәңгілікке 

жоқ болды, ғайып болды. Таң алдында көрген тәтті түстей ғана елес қалды. 

Кейде  бір  оңашада,  өткенді  ойлап  мұңға  батасың.  Сонда,  «Құдай-ау,  қайда 

сол  жылдар?»  деген  Абай  жолдары  еріксіз  еске  түседі.  Ойлап-ойлап  келіп, 

жастық шағыңның орынсыз өтпегенін іштей медеу, мақтаныш етесің. Өйткені 

адамзат  толқын-толқын  болып  дүниеге  келеді,  түйдек-түйдегімен  өмірден 

өтеді. Әр толқын, әр түйдек алғы шепке шеру тартқан әскер легіне ұқсайды. 

Октябрь  революциясы  мен  Азамат  соғысына  қатысқан  құрыш  адамдардың 

темір  тасқынды  легіне  ілесіп,  біз  18  бен  22  жастың  арасында  азаттықтың 

ауыр  жүгін  арқалап,  төрт  жыл  толассыз  қан  кештік.  Пештен  жаңа  ғана 

қотарылған қызыл шойындай жүйткіп, батыстан Москваға қарай лықсыған от 

пен  өрт  селінің,  қорғасын  мен  темір  топанының  алдын  тостық.  Біздің  жас 

тәнімізді  неміс  фашистерінің  оғы  шұрқ-шұрқ  тескіледі;  жау  танктері 

үстімізден 

таптап, 


жас 

сүйегімізді 

сықыр-сықыр 

сындырды; 

жас 

жүректерімізге  немістің  құлаштай  қанжарлары  кірш-кірш  қадалды. 



Концлагерьден қашқанымызда немістің қасқыр иттері қоң етімізді тырмалап, 

терімізді  жалбыратып,  қан  жоса  етіп  талады.  Бізді  зұлым  жау  камераларға 

қамап, улы газ жіберіп тұншықтырды. 



434 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет