Эпилог орнына
Көңілі босап, көзіне жас келгендей болып, Ербол біраз уақыт үнсіз отырды.
Бойын жиып, буынын бекіткеннен кейін ол сөзін қайта жалғап, әңгімесін
аяқтауға кірісті.
Мінеки, Меңтайдың соңғы күнделігі осы. Жан тәсілімін жасап жатқан
адамның ақырғы тынысы, соңғы қырыл, соңғы дірілі сияқты, асыл жардың
ақырғы сөзі еді бұл. Бірақ осы азғантай сөзде мен үшін қаншама сыр,
қаншама жыр жатыр десеңізші! Қаншама өкініш, қаншама мұң бар мұнда.
Оқып отырып сан рет өкіріп, өксіп жылағанмын мен. Одан айырылып
433
Достарыңызбен бөлісу: |