Әдеби KZ
топыраққа борыштылық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам
бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас.
Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды,
ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді. Жоғарыда
Тургенев пен Пришвиннің махаббат жайындағы тамаша сөздері келтірілді.
Менің оған қосарым «махаббат» деген асыл жібекке түйілген отаншылдық,
еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық сезімдері әрбір жас жүректің
жалынды туы болса екен деп тілеймін. Біз - Октябрь революциясынан кейін
дүниеге келген жаңа ұрпақ Отанға да, махаббатқа да ақ жүрегімізбен адал
қызмет еттік. Міне біз мұны өзіміздің мәңгілік мақтанышымыз деп білеміз.
Осы мақтаныштың әкелер жүрегінен балалар жүрегіне көшуін көрсету де
бүгінгі күннің тақырыбы. Оны қалай көрсету, әрине, жазушының міндеті.
– Иә, иә, ұқтым. Не сұрайын деп отырғаныңызды түсіндім. Меңтайдан
басқалар қайда қазір демексіз ғой? Оны да айтайын сізге.
Университет бітіргеннен кейін, ұядан ұшқан балапандай болып, әркім әр
жаққа кетті.
Біреу қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жүріп жатыр қазір. Балапан
басқан тауықтың ұясына байқаусызда түсіп кеткен үйрек жұмыртқасынан
шыққан сушыл балапандай болып, филфакты бітіре сала мұғалім болмай,
журналистиканың айдын көліне тартып мен кеттім. Ол отыздың біразы
ғылыми қызметкер болды. Көпшілігі мұғалім. Қыздар алдақашан күйеуге
шыққан, жігіттер әйел алған. Бір кездегі бүлдіршіндей қыздар мен қыршын
жігіттер бүгінде сары қарын әйел, сақалды шалға айналды. Алдының
балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымыздан кешкен жастықтың
жәрмеңкесіне енді олар кірді; біздің жастықтың жығылған жалауының
орнына, олар өз туларын көтерді...
436
Достарыңызбен бөлісу: |