Әдеби KZ
пединституттарында,
Қызылорда
мен
Жамбыл
педучилищелерінде,
астанамыз Алматыда С.М.Киров атындағы мемлекеттік университет пен
қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында, республиканың көптеген
қазақ орта мектептерінде оқушылар конференциясы өтті. Мен автор ретінде
Қызылордадағы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педучилищесінің бес
жүз шәкіртімен, Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы пединститутының тіл-
әдебиет факультетінің студенттерімен жүздестім.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романына байланысты маған хат
жолдағандардың көпшілігі студенттер, орта мектептердің жоғары сынып
оқушылары, ауыл-селодағы жұмысшы жастар, совет армиясы мен әскери-
теңіз флотының жауынгерлері. Солардың ішінде зейнеткерлердің де, үй
шаруасындағы әйелдердің де, ауыл интеллитенциясының да лебіздері бар.
Өз республикамыздың барлық облыстарынан хат алғандығымның үстіне,
туысқан Өзбек республикасының Ташкент, Самарқанд, Бухара, Ферғана
сияқты қалаларынан да хаттар келгенін, соның ішінде әсіресе, Қарақалпақ
АССР-інен көптеген хаттар алғанымды ерекше атап айтуым қажет. Осы
хаттардың бәрінде де оқырмандар алдымен өздерінің бұл кітапты
оқығандарын білдіріп, мұндай шығарманы ұсынғаны үшін
«Жазушы» баспасына, авторға рахмет айтады.
Сөзіміз жалаң болмас үшін бірнеше хаттан қысқаша үзінділер келтірейік.
Орал облысының Фурманов ауданынан механизатор Е. Әбдаров өз ойын
қысқаша ғана былай деп түйіндепті: «Махаббат, қызық мол жылдар»
романын нағыз махаббаттың сырын, мәнін ұқтыратын құнды шығарма деп
білемін. Тағы да айтар едім, бірақ та әттең, әттең тілім жетпейді». Ал
Талдықорған облысының Панфилов ауданынан келген хатта мынадай сөздер
жазылған: «Әзілхан Нұршайықовтың жақында шыққан «Махаббат, қызық
439
Достарыңызбен бөлісу: |