Әдеби KZ
жандар өлмейтін болсашы! Жоқ, мұным табиғат заңына қайшы болар. Онда,
ондай адамдар ұзақ жасайтын болсашы ең болмаса!
Бірақ мен өлсем де өлмейтін шығармын деп ойлаймын тағы да. Өйткені мен
ішімнен шығатын бала да және сенің жүрегіңде өмір сүремін ғой. Сонда ол
менің өлмегенім емес пе? Солай емес пе, Ербол? Солай деші, жаным,
көкетайым!..
Мен саған бұл жолдарды тек ішім ауырмасын деп қана жазып отырмын,
Ербол. Сені ойлап сен туралы жаза бастасам-ақ, ішімнің ауырғаны қоя қояды.
Тегі іштегі тентек әкесін сыйлайтын болуы керек. Көрдің бе міне әкенің
беделі қандай болатынын!
* * *
Айналайын, көкетайым!
Сен менің осы сөздерімді жақсы көресің ғой. Сен естісін деп мен мұнда осы
екі сөзді әлденеше рет айттым. Естідің бе ?..
Ойпырай, ішім әкетіп барады... Уһ, бұрап-бұрап әрең басылды-ay, әйтеуір.
Дәрігерлер мерзімінен бұрын келген толғақ дейді. Ол неге мерзімінен бұрын
келеді екен ?..
Не айтайын деп едім саған? Иә, жаңа есіме түсті. Ұнжырғаңды түсірмей,
уақытында шашыңды алдырып, әрқашанда умаждалмаған таза киім киініп
жүр, қуатым. Жұрт сенің ішіңе үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау,
жағаң жамау болса, соған сүйсінетіндер де шығады. Ешкімге таба болмай, тік
жүр, жаным, жарай ма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзің де құмар емессің ғой.
Өзіміз ішпей үлгі көрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп ойлаймын,
ішпесе деп тілеймін! Менің еркіме салса – бүкіл болашақ ұрпақ атымен арақ
429
Достарыңызбен бөлісу: |